Өз туған тіліңмен қатар, өзің тұрып жатқан елдің тілін білу міндет, ал басқа ұлттың тілін білу қажет деп есептеймін. Себебі, тіл өзге халықтың мәдениетіне , салт-дәстүріне есік ашатын кілт секілді. Жаңа тілді үйренген сайын, адамның ой-өрісі , қоршаған ортаға деген көзқарасы да дамиды. Басқа елдің адамымен араласқан сайын мәдениеттілік те жоғарылайды. Көп тілді білген адам, қартайғанда мидың Альцгеймер, Паркинсон секілді аурулармен ауырмайтынын ғалымдар дәлелдеген. Ал көп адамның арманына айналған басқа елдерге саяхат ше? Қыдырып барған еліңде, біреумен сол тілде сөйлессең, дәрежең жоғарылай түседі.
Музыка – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.