7. «Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді...» деген үзіндідегі «Жүрекке салған жара» дегенді қалай түсінесіңдер? Ойларыңды 3-4 сөйлеммен жазыңдар.
[2]
8. Аянның ертегі айту өнерін сипаттап жазыңыз. Ойыңызды шығарма арқылы дәлелдеңіз.
[2] 9. Тортайдың «Мен міне алмаған ақ боз атты, бәлкім, сен мінерсің…» дегенін қалай түсінесіз? Ойыңызды шығарма арқылы дәлелдеп, 3-4 сөйлеммен жазыңыз.
[2] 10. Қажымұқан палуаннан қандай үлгі-өнеге алар едіңіз? Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз
Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.