Объяснение:
Сүйіспеншілік деген не? Мен үшін сүйіспеншілік дегеніміз махаббат, қамқорлық, а өмірде қажет басты сезім.
Әрбір адам өз ата-анасын, туған-туысқандарын, Отанын, достарын және т.б. жақсы көреді. Сүйіспеншілік кішкентай кезден мама сөзінен басталып, соңғы дем шығарған сәтке дейін бізді жақсылыққа жетелейді. Себебі, жақсы мен жаман қатар жүргенде, біреу үшін уайым кешкен жан басқа адамға жамандық жасамас деп ойлаймын.
Соғыс кезінде сарбаздарды үйдегі анасына, қарындастарына деген сүйіспеншілік қорқыныш сезімін басатын. Ұлы ақын жазушылар махаббатқа қаншама шығармалар арнаған, өйткені ол әр жүректе бар.
Ш.Құдайбердіұлы айтқандай, жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.Жүрегінізді таза сақтауға тырысыңыз, оны тех махаббат сезімі паналауға тілектеспін.
Әке, Алла Тағаланың Анамыздан кейін берген ең үлкен екінші сыйы. Әке ешкіммен салыстыруға келмейтін баға жетпес тұлға. Әр бала өзінің ата-анасының жанында екеніне әрдайым шүкір етуі керек! Ата-анамыз барда біз ешкімге қор емеспіз. Әкеміз бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп, аялап, Анамыздың қамқорынан артық болмаса кем қақморлық сыйламай төбесіне көтеріп өсірді. Сондықтан біз Әкелерімізге әрдайым қарызбыз! Әкелері бар әр бала әрқашан бақытты! Қолдағы бақытты бағалай білейік!