Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:
9 мамыр Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қастерлі мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып келеді. Ал кешегі келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін кеудесін оққа төсеген қаһарман батырлардың ерлігі бүгінгі ұландардың барлығы үшін жарқын үлгі болып қала береді. Бұл Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, майдан даласында шейіт болып, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бүгінгідей мамыражай тыныш өміріміз үшін жанын құрбан еткен жандарға алғыс айту саналы ұрпақтың қасиетті борышы. Ел алдындағы қасиетті борышын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге мәңгі тағзым етеміз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан баршаңыздың еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық, бейбіт өмір тілейміз! Көк аспанмен түстес Туымыз биікте желбіреп, бейбіт өміріміздегі Жеңіс күнінің мәртебесі биік болсын!
Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:
тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).