Наурыз туралы.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды. Биылғы жылғы Наурызда қала әкімі барша тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
Үйде де әжем бізге Наурыз көже пісіріп, ыстық бауырсақпен керемет көже іштік. Апам да шайға тәттілер әзірлеп, шелпек пісірді. Көршілерді қонаққа шақырып, бірге отырып шай іштік. Наурыз – біздің сүйікті мейрамымыз.
Берілген тыйым сөздерді қолданып диалог құру:
– Анашым!
– Тәйт,үйге жүгіріп кірме деп едім ғой саған!
– Неге үйге жүгеріп кіруге болмайды?
– Болмайды деген соң болмайды,балам!
– Жоқ,анашым.Маған осындай қазақ халқының тыйымдарын түсіндіріп беріңізші.Мен кішкентай емеспін ғой.
– Жарайды,онда табалдырыққа тұрмай үйге кір.
– Жақсы.
– Халқымыз тыйымдардың көбін үйге,үй тұрмысына байланысты шығарған.Ертеде ауылға адамның жүгіріп келуі жаман хабарды білдірген
– Ал сіз кейде мен кішкентай інімді байқаусызда жылатып алсам,"сәбиді ұрма,теппе!"дейсіз.Оның мағынасы неде?
– Халқымыз үшін сәби – болашақ,ең үлкен бақыт.Сол себепті,сәбиге,бесікке қатысты тыйымдар да баршылық.Ол дегеніміз сәбидің періштесін қағып,үркітіп аласың деген тыйым.
– Кірдің суын баспау ше?
– Су – адамзат үшін тіршілік көзі.Судың да қасиеті,киесі бар деп санаған.Сондықтан да кір су басу судың киесін таптаумен бірдей.
– Рахмет,анашым!Мен көп нәрсені түсіндім.
– Балам,саған айтарым бар.Ешқашан да өсекке жақын болса,өтірік айтпа.Ішімдікке әуес болма.Бұл адам бойындағы жаман қасиеттер.Сен олармен өз өміріңе балта шабасың,құлыным.
– Жарайды,анашым!Мен кеттім.