М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
katerina17054
katerina17054
17.04.2021 11:43 •  Қазақ тiлi

Мне нужен сочинения по казахскому по теме "субботник"

👇
Ответ:
djezhik
djezhik
17.04.2021
Бүгінгі субботник маған қатты ұнады. Мектептің барлық оқушылары бірігіп, өз жерлерін бөліп алды. Мен мектептің аулын жинап, мұғалімдерге көмектестім. Достармен бірге қоқыс жинап, шөп жұлдым. Мен әрқашанда көмектесуге дайынмын.
4,7(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
elay0205
elay0205
17.04.2021

«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. «Жерұйықтың» көрермен назарына жол тартқанына да бір жылдың көлемі болып қалды. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылық­тың пайда болуын көрсету. Режиссері  - Сламбек Тәуекел, ал сценарийдің авторы - Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері. Басты рөлдерді Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді. Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген.  «Адамзаттың бәрін сүй, ба­уырым деп». Ұлы Абайд­­ың осы сөзін беташар қылған картинаның көтерген жүгі барынша ауыр. Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм бір жылдың ішінде-ақ, айтарлықтай деңгейде өз  көреременін жинап үлгерді. Біз тарих кітаптарынан ақтарып отырып оқитын Сталин заманындағы өзге  ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да, азапқа толы тұрмыстарын осы фильмнен көре аламыз. Болат Әбділманов  сомдаған Орынбайдың бойына достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан. Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі  ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.  

Объяснение:

4,4(15 оценок)
Ответ:
ArturSSexe
ArturSSexe
17.04.2021

Ғарышкер

Ғарышкер... Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ғарышкерлер жер мен көкті жалғап, аспан әлемі мен жерді жоғарыдан зерттеп, ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін адамдар. Бұл мамандық адамның ғарышқа ұшуынан кейін, яғни 1961 жылы пайда болды.

Ғарышқа ұшып, ғарышкер атану үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық  та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа ұшпас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады.

Тәуелсіз Қазақстанмыздың ғарышты бағындырған үш қыраны бар, олар: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер, Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты және Айдын Ақанұлы Айымбетов - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы, ұшқыш –инженер, полковник.

Әрбір ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар, әрине ғарышкерлердің өмірі «ғарышқа ұшқанға дейін» және «ғарышқа ұшқаннан кейін» деп екіге бөлінетіні айдан анық, аспан әлемі небір зерттелмеген сырларға толы ғой. Міне, осы жер мен көкті байланыстыратын көпір саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әрбір ғарышкердің сапары бастау алады.

4,4(60 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ