Берілген ақпараттарды ретімен қойыңыз Ақпар ат A ) 1971 жылы желі арқылы электронды хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып . Ол әлемге кеңінен таралған В ) 1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып , желі халықаралық сипат алды . с 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін.АҚШҚорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешт ;-;
Ақша туралы мақал-мәтелдер
Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
***
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
***
Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
***
Базар ақшалыға базар,
Ақшасызға назар.
***
Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады.
***
Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.
***
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
***
Ақшада көз жоқ.
***
Теңге - тиыннан, тұлпар - құлыннан.
***
Есепсіздің есесі кетеді.
***
Теңге - тиыннан,
Ынтымақ - ұйымнан.
***
Сом алтынды басып отыру үшін де көтен керек.
***
Бір теңге бие болмайды,
Екі теңге түйе болмайды.
***
Кедейге қарыз бер де, амандығын тіле.
***
Қарыз қатынас бұзады.
***
Ақшаның жайын жарлыдан сұра,
Адамның жайын арлыдан сұра.
***
Қарыз, қарызды беру - парыз.
***
Жалақордан қарыз алсаң,
Әкесінің құнын сұрар.
***
Несиеге ет жесең,
Сүйегі ішіңді жыртар.