«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
Әлем мәдениеті - "ғаламдық ауыл" ретіндегі әлемнің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған адамдар арасындағы қарым-қатынас пен биліктің жаңа жүйесі. Жаһандану және жоғары технологиялар ғасырында қоғам ұдайы мәдени, экономикалық немесе саяси өзгеріс үстінде. Адамдарға қауіпсіздікте гүлденіп, дамитын бейбіт элем қажет. Қауіпсіздікке, түрақтылық- қа және тиімді дамуға жетудің негізгі жолы - қазіргі барлық мәдени үстаным- дардың түбегейлі өзгеруі. "Әлемдік мәдениет жүйесін" құру объективті әрі тепе-теңдікті ұстанатын, этикалық нормаларға сүйенетін бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) құру. Бұл әлемдік мәдениеттің жаңа жүйесі әрі жек көрушілік, сенімсіздік, қақтығыс пен соғыс тудыратын қарабайыр мәдениетті "ғаламдық ауылымыздан" ығыстырып шығаруды көздейді.
Анаға хат.
Сәлем менің сүйікті анашым.Сіздің жылы мейірімге толы жүзіңіз,аялы алақаныңыз,қоңыр әдемі даусыңыз,ұзын қара бұрымыңыз мен үшін әлемнің жарығы.Сіз мына дүниеде маған жарық беріп жол сілтейтін жарық әлемімсіз,түнде жарық жұлдызымсыз анашым.Сіздің:Айналайын ұлым,оқуыңды жақсы оқы,ертең жоғарғы оқуға түсесің,мықты білімді азамат боласың,-деген сөзіңіз маған қуат береді.Өзім үшін әрі сізді ренжітпеу үшінде сабақтарыма мұқият қарап,жақсы бағалар алуға тырысып жүрмін.Бірде демалыста кішкене ініме қарауды тапсырып,дүкенге кеткен кезіңізде мен шамалы оғаш қылық жасадым.Ойыншықпен ойнап отырған ініме қарамай телефонның ойынына кіріп кеттіппін.Ол орындықтан құлап маңдайын жаралап алды.Сіз келгесін інімді көріп,маған ұрыстыңыз.Мен сізді ренжітіп алғаныма қатты өкіндім.Сіз інімнің маңдайын таңып жатқанда барып кешірім сұрадым.Сіз:Ұлым өзіңе айтылған нәрсені мұқият орында,міндетіңе алдыңба соны орындауға тырыс,-деп,басымнан сипадыңыз.Өзім ініме қарамай,ойнап кеткеніме қатты ұялдым.Анамның ақылынан кейін өз істеріме байыппен қарайтын болдым.Анам кей істерімді қолдап,кей істерімді жасауға болмайтынын айтып,түсіндіріп отырады.Анашымда менің жақсы адам болғанымды қалайтынын білемін.Сол үшінде сабағымды жақсы оқып,тентектігімді жеңіп,тәртіпті болуға тырысып жүрмін.Қазірде сабағымды жақсы оқимын.Музыка мектебінде гитара классында оқып жүрмін.Спорттада жетістіктерім жетеді,дзюдо секциясына қатысамын.Міне көктемде келді.Әкеммен бақшада жеміс ағаштарын отырғызамыз.Ақылшы қамқор анама,асқар таудай әкеме,маған осы бақытты өмірді сыйлағаны үшін алғысым шексіз.Өмірлеріңіз ұзақ болсын анашым,әкешім,сіздер барда мен бақыттымын.