Абай Құнанбайұлының 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Яғни ақын ақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ал бұл өлеңінде Абай Құнанбайұлы әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. Мұхтар Әуeзовтың айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба көрсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақындардың, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссаларжазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап елім тілеп» дегенде Шәкәрім Құдайбердіұлының заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «кеңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің қүралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болып алынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңққой, ойнасшы, керім-кер- бөз», «Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.[1]
☰
ВСЕ НОВОСТИ
Түркістан – "Екінші Мекке" атануға, әлемдік туризм ордасына айналуға лайық
14 июля 2017, 11:45
Бейсен Ахметұлы
    

Діни және тарихи киелі орын саналатын Түркістанды әлемдік туризм Меккесіне айналдыра аламыз ба? Не кедергі? Үкімет неге құлықсыз?
"Екінші Мекке" атанған қасиетті өлке
Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.
Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.
Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.
Түркістан – Әбу-Ханифа мәзхабын ұстанған түркі жұртының қасиетті діни орталығы саналды. Әсіресе, Қожа Ахмет Яссауи қалыптастырған сопылық ағым осы Түркістан арқылы әлемге тарады.
Сопылық – даналық жолы ретінде Аллаға құлшылықтың діни мистикалық бағыты болып қалыптасты. Ниет пен амалдың тәбиғи тазалыққа құрылған мистикалық бағытын жан мен тәннің тәрбиесін, Құдайдың құдіретін жүрек көзімен көруге жетелеген қарапайым таныммен түркі жұртын тоғыстырар идеялогия ретінде түсіндірілді. Осылайша Яссауи жолын қуған тарихатшылар адамзат әлемінің даналыққа бастар бекеті ретінде танылды.
ответ:1Тазалықты басқаша қалай айтады?(гигиена)
2Бесшатыр қорымын ашуға зор үлес қосқан қазақ археологы
(Кемел)
3Қыркүйектен кейінгі ай?
(Қазан)
4ақылды сөзіне антоним
(Надан)
5ШАХМАТТА ТЕК ТУРА ЖҮРЕТІН ФИГУРА?
(Тура)
6Д әріпінен басталатын,әйелгеде ергеде қойылатын есім
(Дидар)
7тігу үшін бірден бірге керек.
(Ине)
8Қажет дәрі дәрмек
(Йод)
9раушан дегеніміз адам есімінен басқа ненің аты
(Гүлдің)
10тігу барысында қолыңды ине тілмес үшін киетін құрал
(Оймақ)
11Қолың тоңбас үшін киетін қысқы киім?
(Қолғап)
12 жаулықтың синонимі
(Орамал)
13пойыздарда не болады
(Вагон)
14асқар тау,от ағасы
(Әке)
15жәндік атауы
(Инелік)
16анаңның төркіні саған кім болады
(Нағашы)
Объяснение: