керемет ән, әуен кімді болмасын толқытып әкетеді. Алайда әннің де естісі бар есері бар демекші тәрбиелік мәні төмен, мағынасына ел түсінбес әнді тыңдағанымыз жат қылық болары анық. сол үшін құлағым бар екен деп кез келген әнді тыңдауымызға болмайды.Алайда ән тыңдаған әркімге болсын ұнайды. Халқымызда бір бала, қызылқұм,елім ай, әдемі қыз секілді өте ырғақты қайталанбас ажары бар әндер жетерлік. Мереке кезінде де қайғы кезіндеде бар эмоциямызды әнмен шертеміз. Өмірге келгн кез келген бір адам әсем ырғақты әнді естігені анық. Міне сондықтан ән көңілдің ажары
ҚАЗАҚСТАН «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ»
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзі ел арасында кеңінен қолдау тапты.
Берілген айдарда Сіздерге Елбасының сөзінде көтерілген идеялар мен ұсыныстарға жолдаған бірнеше пікірлерді ұсынып отырмыз.
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНАН
Биыл Қазақ елі маңызды мемлекеттік деңгейдегі мерейтойларды атап өтуде. Солардың қатарында аса маңызды мерекелік шара Қазақ хандығының 550 жылдығын байланысты жиындар. Міне, осындай айтулы және алқалы мәжіліс Қазақстанның елордасы Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында 11 қыркүйектегі бас қосу.
Оған қатысқан Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақ хандығы туралы: «...Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі. Ел билеген хандардың өмірі майдан шебінде өтті. Қазақтың алғашқы он төрт ханының жетеуі жорық жолында қаза тапты. Осынау ұлы бабалардың биік рухына барлық ұрпақ айрықша құрметпен бас иіп, ризашылығын білдіреді. Олардың ұлтқа сіңірген ұшан-теңіз еңбегі әрдайым ел есінде сақталады», - деп атап өткен болатын.