Конгресс кітапханасы
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен.
Британдық Кітапхана
Британдық Кітапхана - Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр.
Александрия кітапханасы
Атағы жер жарған бұл кітапхана – көненің көзі әрі антикалық мифтердің ғылыми және мәдени орталығы саналады. Б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда көрнекті ғалымдардың қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған. Алғашқы кездері Египетте кітапханалар ғибадатханаларда салынған және оларға абыздар қарауылдайтын болған. Ол кездері кітаптардың пішіні орам тәрізді болған және папирустардан жасалынған деседі. Өз заманында Александрия кітапханасы ең алып кітапхана саналып, онда 750 000 шиыршық жинақталған екен.
Қазір бұл - Египеттің ең басты кітапханасы әрі мәдени орталығы ретінде танымал. Кітапхана ғимараты Жерорта теңізі жағалауындағы Александрия қаласында орналасқан.
Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы
Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры - көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға жуық кітап болған көрінеді.
1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады.
Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы - бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.
Стокгольм Кітапханасы
Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады.
Копенкагендегі Корольдік Кітапхана
Копенкагендегі Корольдік Кітапхана - Данияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Бұл кітапхананың қоймасында тарихи әрі құнды басылымдардың үлкен мөлшердегі қоры сақталған. Корольдік Кітапханада XVII ғасырдан бері Данияда басылып келе жатқан кітаптардың түгел нұсқалары бар. Сонымен қатар мұнда 1482 жылы Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған.
1. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Дәрігерге.
2. Септік жалғауы жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.
В) Табиғатты қорғау.
3. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... досың.
Д) –ің.
4. Тәуелдік жалғауындағы сөзді табыңыз.
Д) Дәптеріңіз.
5. Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Әншіден.
6. Шығыс септігінің сұрағын табыңыз:
Д) Кімнен? Неден?
7. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
Е) Жемістер.
8. Қай септіктің жалғауы жоқ?
С) Атау.
9. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Құстар.
10. Заттың меншіктілігін білдіретін қосымшаны табыңыз.
В) Тәуелдік жалғау.
11. Көптік жалғауды табыңыз.
Е) Қызғалдақтар.
12. Тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын септік жалғауларын көрсетіңіз.
В)–ты, -ті, -ды, -ді.
13. Көптік жалғауды көрсетіңіз.
А) –лар.
14. Ісмердің – сөзі қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
Е) Ілік септік.
15. Жіктік жалғауын табыңыз.
В) –пын, -пін.
16. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
С) Күзде.
17. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.
В) Көлдер.
18. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз:
С) Әншіге.
19. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.
С) Ағаштан.
20. Жіктік жалғауының ІІ-жағында тұрған сөзді табыңыз.
А) Азаматсың.
21. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:
В) Ұшақтар.
22. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Досы.
23. Сөйлемде септік жалғаулы сөзді табыңыз: Қарағанды жерінде темір, көмір көп.
В) Жерінде.
24. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауын табыңыз.
В) Әжесіне.
25. Көптік жалғау жалғанған сөздерді табыңыз.
В) Үйірмелер, әншілер.
Басталуы- Сайдағы қасқырлар апаны. Екі аяқтылардың індегі бөлтіріктерге қиянаты
Байланысы- Көксеректің ауыл тұрғыны болуы, оның ауылда өсуі, мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері.
Дамуы- Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып төңіректегі ауылдарды шулатуы. Қорадағы қойларды жаралауы
Шарықтау шегі- Көксерек ызаға бой алуы. Құрмаштың қазасы.
Шешімі- Аққасқаның Көксерек пен айқасы. Көксеректің өлімі. Құрмаштың әкесінің Көксеректі басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы.
Мен осылай ойлаймын