Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының жаңа жылы болып саналады.Бұл күн - Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мейрамы молшылық пен баршылықтың символы болып саналалы.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Барынша қысқа жаздым.Өзіңіз айттыңыз ғой "небольшой текст" керек деп.Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Тәуелдік жалғау - әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, заттанатын сөздердің барлығына да жалғана береді .
Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:
Жекеше түрі
І жақ–ым, -ім, -м
ІІ жақ-ың, -ің, -ң
-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і
Көпше түрі
І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.
Тәуелденудің екі түрі бар:
Оңаша тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі. Мысалы, Менің үй-ім, Сенің үй-ің, Сіздің үй-іңіз, Оның үй-і.
Ортақ тәуелдену – бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы, Біздің үй-іміз, Сендердің үй-лерің, Сіздердің үй-леріңіз,
Олардың үй-і.
Тәуелденген сөз үнемі ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келеді. Мысалы, Мектептің алды. Кейде бұл тіркестегі ілік септігінің жалғауы жасырын тұрады (Мектеп алды). Біздің,сіздің сөздерімен тіркескен сөздің тәуелдік жалғауы кейде түсіп қалады. Мысалы, Біздің ауылымыз – біздің ауыл, сіздің үйде т.б.
Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы.