Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
Нұрәлі мен Кемел ата-әжесінен мол базар.Атамнан сыйға домбыра алдым,қараңыз,-деп мақтанды Кемел.Менің әжемнен сыйға алған тақиям қалай?сәнді мен?-деп мақтанды Нұрәлі.Бізге ештеңе жоқ па?-деп сұрады анасы балалардан нан алыңыз.Оларды қаладан табу қиын.Міне Әжемнен сізге базарлық бар.Қоржын айран, ірімшік құрт қаймақ бауырсақ деді Кемел әке, сіз торсықтан қымыз құйып ішіңіз, деді ата-аналары балаларына риза болды.Балаларымнан айналдым, мұндай балаларды әлемнен таппайсың деді аналары
қуанып.Нұрәлі же!
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Көктем мен Жаңа жылды қарсы алу мейрамы
Басқаша аталуы
Ұлыстың Ұлы күні
Қайда өткізіледі
Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, т.б.
Түрі
Халықаралық деңгейдегі мейрам
Мағынасы
Жаңа жыл мейрамы
Күн-айы
наурыздың 22-і (Қазақстанда; басқа елдерде наурыздың 20-сында, наурыздың 21-інде болуы мүмкін)
Мейрамдауы
Наурыз көже, Хафтсин - Иранда, т.б.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал ҰНЕСЦО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.