Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.
Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады.
Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.
Қазақ кино өнерінің аңызы Шәкен Аймановқа Алматыда еңселі ескерткіш орнатылды. Ол «Алматы» қонақ үйі маңынағы алаңға қойылды. Дәл осы кварталда Шәкен Айманов бірнеше танымал киноларын түсірген. Бүгін Алматы жұртшлығы, үзеңгілестері мен қала әкімі ескерткішті ресми түрде ашып, кино майталманы туралы естеліктер айтты. Туынды авторы бұған дейін Бауыржан Момышұлы, Мұқағали Мақатаев пен Әбілхан Қастеевтің ескерткіштерін мүсіндеген скульптор Нұрлан Далбай. Шараға елдегі танымал меценаттардың бірі демеушілік еткен