Тест жауаптары.
1. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.
E) Айтылуы әр түрлі, мағынасы ұқсас сөздер.
2. Қазақ әліпбиіндегі әріптер санын анықтаңыз.
C) 42.
3. Тек қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз қатарын белгілеңіз.
C) Қатық, тас, көк.
4. Барыс септігінде тұрған туынды зат есімді белгілеңіз.
B) Бишіге, оқушыға.
5. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін көрсетіңіз.
A) Бастауыш, баяндауыш.
6. Мемлекеттік туымыздың авторы кім екенін көрсетіңіз.
E) Ш.Ниязбеков.
7. Түбірлес сөздер бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Биші керемет би биледі.
8. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз.
Әмина әже немерелері... орманға келді.
E) -мен.
9. «Түп-түзу ...» сөз тіркесіне сәйкес келетін сөзді табыңыз.
B) Қайың.
10. Ортақ етісті анықтаңыз.
C) Сөйлесті.
11. Мезгіл үстеу нені білдіретінін анықтаңыз.
D) Іс-әрекеттің жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.
12. Сұраулық шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Бүгін тойға келмегендер бар ма?
13. Одағай сөйлем соңында келсе, алдына қандай тыныс белгісі
қойылатынын көрсетіңіз.
A) Үтір.
14. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.
Гүлден ерте тұрды.
A) Пысықтауыш.
15. Шартты бағыныңқылы cабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын
көрсетіңіз.
B) -са, -се.
16. Төл сөзге қажетті тыныс белгісін табыңыз.
«Көп сөз айтудың қажеті жоқ», деді бауыры.
A) Дефис.
17. Фразеологиялық тіркестің мағынасын белгілеңіз.
Иман жүзді.
D) Мейірімді.
18. Сөйлемдегі антоним сөздерін көрсетіңіз.
B) Қараңғы қанша дүниеде, дүниеде қанша жарық бар?
19. Жіктеу есімдігінен болған сөз тіркесін белгілеңіз.
B) Оған айтты.
20. Жақты сөйлемді табыңыз.
E) Басқаны ауызға да алмаймын.
Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның еңбегі сіңірген спорт шебері. Ол 1987 жылы Европа қубоктарының жеңімпазы. 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері. 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.
Дәулет Тұрлыхановтың грек-римдік күресіне ыңтасын оятқан әрі бапкер, әрі тәрбиешісі әкесі Болат Тұрлыханов болған. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында, Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Оның шәкірті Юрий Мельниченко Олимпиаданың жүлдегері болды.Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы туған. Бірінші қазақ спортшысы, Олимпиада чемпионы. 1980 ж. XXII Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бір неше рет греко – рим күресінің жеңімпазы,1981 Дүниежүзі чемпионы, 1982 ж Дүниежүзі кубығының күміс жеңімпазы.
Ол Қазақ мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушcы. 1984 жылы Красноярск қаласында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан рәсми түрінде шығарып салды.
1984 жылдан бастап республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар, «Қазақ еңбек сіңірген жаттықтырушысы » атағы берілді.