Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол - мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады. Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий – дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол – су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі қайнамаған судан кейде гепатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.
Мәтінге қатысты ой тұжарымыңызды жазыңыз
ответ:Оқу - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. *** Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. *** Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. *** Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп. *** Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады. *** Өмір - үлкен мектеп. *** Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. *** Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім. *** Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. *** Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. *** Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. *** Білімді өлсе, Қағазда аты қалар. Ұста өлсе, Істеген заты қалар. *** Кітап - алтын қазына. *** Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. *** Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. *** Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп. *** Ғылым - теңіз, білім - қайық. *** Алтын алма, білім ал. *** Ұстаздан шәкірт озар. *** Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала. *** Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. *** Әліппенің ар жағы - білім бағы. *** Ғылыммен жақын болсаң , қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. *** Шәкіртсіз ұста - тұл. *** Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. *** Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. *** Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл. *** Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. *** Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.
Толығырақ: https://massaget.kz/maal-mtelder-zhayltpashtar/957
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение: