кино – техника мен өнердің қосынды туындысы, әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен актерлік ойынның басын қосқан құдірет десек те болады.
қазақ киносын кеңестік, одан әрі әлемдік кино шеңберінде, биігінде алып, талдап-бағалайтын мақалалар бар. олардың авторлары да білімді, ойлы, қазіргі заман лебі мен демін білетін кино зерттеушілердің соңғы ұрпағы екені даусыз. кино - синтетикалы өнер, онда әдебиет те, сахналық-актерлік өнер де, музыка да, сурет те бірігіп бас қосады. солардың бас қосқан жерінен бүгінгі ұлттық мәдениеттің хал-жағдайын, халықтың өткені мен бүгінін көруге болады.
қазақ даласында жиырмасыншы жылдардан бастап ең елеулі оқиғалар, ең белгілі камераның көзіне ілігіп, кинотаспаға түсіп, мәңгілік тарихта қалды. мемлекеттік киномұрағатта жатқан мыңға жуық деректі фильмдер солардың еңбегі, ізі мен жемісі екені ақиқат. қазіргі таңда сол киномұрағат жинаған қазақстанның xx ғасырдағы бүкіл тарихын, өмір жолын көрсететін бай кино материалдар сұрыпталып, құрастырылып бізге жетіп отыр.
Объяснение:
Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты. Классикалық драманың алғашқы үлгілері ежелгі Грекияда пайда болып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедиялары мен Аристофанның комедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Драма орта ғасырда аллегориялық бағыттағы мистерия, миракль, моралите түрінде дамыды. Еуропада драма Қайта өрлеу дәуірінде Англия (К.Марло, У.Шекспир) мен Испанияда (Лопе де Вега, П.Кальдерон) дамудың шырқау биігіне жетті. 17 ғасырда Батыс Еуропада классицизмдік драматургия үстем болды. 19 — 20 ғасырларда драма табиғатында лирикалық (Джордж Байрон, Александр Александрович Блок, Ғ.Мүсірепов, т.б. лирикалық драмалары), “деректі” (Дж.Килти, М.Шатров, М.Әуезов, т.б.) көркемдік элементтердің көрініс табуы арқылы арнасы кеңейді.