М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
annalukyanova7
annalukyanova7
01.09.2020 13:55 •  Қазақ тiлi

Түрік халықтарының наурыз мейрамына көз карасы​

👇
Ответ:
famapsix2015
famapsix2015
01.09.2020

Табиғат құшағында өмір сүрген, жерді анасындай қастерлеп, «Жер-Ана» деп атаған түркілердің тіршілігі мен дүниетанымында көктемнің шығуы маңызды оқиға саналғаны белгілі.

Наурыз – түркі халықтары орналасқан аймақтың солтүстігінен оңтүстігіне, батысынан шығысына дейінгі аралықта өмір сүретін түркілер кең көлемде атап өтетін мейрам. Әдетте мейрамдардың діни сенімге, ұлтқа ортақ құндылықтарға байланысты пайда болатыны немесе дәстүрден, табиғат пен адамдар арасындағы байланыстан бастау алатыны белгілі.

Наурыз - түркі халықтарының ортақ мерекесі

Бұл мейрам Ислам дінін қабылдаған отырықшы және көшпенді түркі халықтарында топ болып аң аулау, той, өлімді атқару секілді Исламға қатысы жоқ салт-дәстүр ретінде жалғасын тауып келеді. Бұл дәстүрлердің нақты қай кезде пайда болғанын тап басу айту мүмкін емес. Қалай, неге, не үшін пайда болғаны жайлы сұрақтар туындамай-ақ ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын тауып келеді. Осы ерекшелігі тұрғысынан алғанда салт-дәстүр – ұлттық байланысты күшейтетін ең маңызды нәрсе. Көктем келісімен тойланатын Наурыз – міне, осындай салтымыздың жалғасы іспетті дәстүрлі мерекеміз.

Наурыз мерекесінің діни ағымдарға еш қатысы жоқ. Ол – Исламнан көп бұрын пайда болған мейрам. Яғни, бір діннің немесе мәзһаптың діни мейрамы емес. Сондықтан бір дінге, бір мәзһапқа немесе бір этникалық топқа телінуі, араға сызат түсірген элемент ретінде қарастырылуы дұрыс емес.

1991 жылы тәуелсіздіктерін жариялаған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан,Түркіменстан, Әзірбайжан республикалары және Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық республика Татарстан 21 наурызда атап өтілетін Наурыз мерекесін «ұлттық мейрам» ретінде жариялады. 1991 жылы Түркияда да бұл күн түркі әлеміне ортақ күн ретінде жарияланды. Әрине, Түркияда бұл күн – жұмыс күні, ресми мереке емес.

Наурыз - түркі халықтарының ортақ мерекесі

Наурыз – Ергенеконда темір тауларды ерітіп, қайта тірілген ата-бабалардың рухы тұтатқан, түркі халықтарын бір-бірімен байланыстыратын алау. Бұл алау мыңдаған жылдар бойы сөнген жоқ, болашақта да осы алаудан ұшқан ұшқындар мыңдаған жандарды ортақ мәдени құндылықтар айналасында біріктірері сөзсіз. Еуразияның, түркі әлемінің наурыз гүлдері болашаққа үміт сыйлары анық.

Наурыздың түркі халықтарындағы атауларына келсек, түркі әлемінде ғұндар заманынан бізге келіп жеткен, табиғат пен ұлттық оянуды бір мағына ретінде ұсынатын наурыз (жаңа күн) мерекесі мына атаулармен аталғаны белгілі:

невруз, наурыз, новруз, сұлтан-и невруз, сұлтан-и наурыз, наорус, новроз, наврыс, невруз норус, ұлыстың ұлы күні, ұлы күн, Ергенекон, бозкурт, чаган бабу марта, жаңа күн, жаңа жыл, март докузу, мереке, мейрам, нартукан, нартаван, Алтай көдүргені, көктем мерекесі, меврис және т.б.

4,4(23 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
mery77
mery77
01.09.2020
Синоним сөздердің мағынасы бір-біріне қанша жақын болғанымен, өзара бір-бірінен сәл-пал айырмасы да болады, әр уақытта бірінің орнына бірі қолданыла бермейді. Мысалы, am, есім деген синоним сөздердің өсім дегені тек адамға байланысты айтылады.                   Омоним сөздердің айырықша бір түрі есебінде омофондар мен омографтардың сөз тіркестеріндегі орфографиямен, opфоэпиямен қарым қатынасын ескермей болмайды.               Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы: кәрі
4,8(4 оценок)
Ответ:
Табалаев
Табалаев
01.09.2020

Жаз келді дегенше, жер көк кілемдей жайқалып, күннің көзі жарқырап шыға келеді. Жаз төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық әрі ең көңілді мезгіл. Өйткені оқушылардың барлығы жазғы демалысқа шығып, күніге серуен кешіп, ойын ойнайды. Жаз айларында, әсіресе шілде айында шомылуға немесе табиғатқа шығу өте керемет. Ал кейбіреулері болса ұзақ уақытқа апа-аталарына немесе жақын туыстарына барады. Жалпы өзім ұзақ бір сапарға шыққанды ұнатамын. Мен Тараз қаласының тұрғынымын, мұнда жаз айлары ыстық болғаны соншалық, бірден қарайып кетесің. Жаз айларындағы тағы бір ерекшелік, кешкілік кезең қатты ұнайды. Өйткені кешкі масатыдай салқын жел керемет күйге бөлеп, уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамай жүре бересің. Көрші балалармен аулаға ойынға шығып, футбол, волейбол ойындары қызық үстіне қызық бола береді. Жаз айларындағы әрбір күн өте тамаша, дегенмен жыл мезгілдерінің қайсы бірін алсақ та, әр қайсысының орыны бөлек, ерекше.

4,5(41 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi

MOGZ ответил

Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ