М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mrwiner
mrwiner
06.06.2023 00:17 •  Қазақ тiлi

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
– Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.
- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, – деп жауап береді кедей. Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.
– Алтынымның жартысын берейін, – дейді ол бұл жолы.
– Жоқ, бере алмаймын, – деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен

1. Мәтінде не салыстырылып айтылады?
А) қуаныш пен реніш
В) батырлық пен қорқақтық
С) байлық пен кедейлік
D) жастық пен кәрілік

2. Мәтінде кездесетін халықтың нақыл сөзін тауып жазыңыз.

3. Бай мен кедейге қандай сипаттама берер едіңдер?
Бай
Кедей

4. Мәтін бойынша дұрыс ақпараттарды анықтаңыз.
№ Ақпараттар дұрыс бұрыс
А Кедей егін егіп өз күнін өзі көріпті.
В Су тасқыны бес күнге созылады.
С Бай бір үзім нанға бар алтынын айырбастамақшы болады.

ЗА СОЧ

👇
Ответ:
Deztroyer
Deztroyer
06.06.2023

1.С

2.Алтын күміс тас екен арпа бидай ас екен

Бай алтыны көп үлкен үйі бар жалқау

Кедей еңбекшіл кішкентайүйде тұрсада наны бар

4.А-дұрыс

В-бұрыс

С-дұрыс

4,8(92 оценок)
Ответ:
vikabelaua114
vikabelaua114
06.06.2023

1.С)байлық пен кедейлік.

2."Алтын,күміс-тас екен,арпа,бидай-ас екен".

3.Бай-жалқау,ашкөз,қызғаншақ,дүниеқоңыз.

Кедей-еңбекқор,қанағатшыл,ақылды.

4.А.дұрыс

В.бұрыс

С.дұрыс.

4,5(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
gitl20042004
gitl20042004
06.06.2023
Шілдехана  шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. сондықтан оны “шілде күзет” деп те атайды. бұл ғұрыптың түпкі мәні мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. дәстүрлі қазақ қоғамында үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп жолатпай, мен анасын жақсылап күткен (қ. қырқынан шығару). әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған
4,6(8 оценок)
Ответ:
Svetik200611
Svetik200611
06.06.2023

өмірінде көптеген түрлі құндылықтар кездеседі. ең маңызды құндылықтардың бірі - бұл отбасы.

менің отбасым - анам, әкем және ағам және мен. менің анамның аты - елена, ол бүгін инженер болып жұмыс істейді, менің әкемнің есімі - александр, ол жүргізуші. мен колледжде, ал ағам 9-сыныпта оқиды.

демалыс күндерін бірге өткіземіз. әдетте біз бір күнді үй жұмыстарына береміз, содан кейін демалу үшін бір жерге барамыз.

бізде отбасылық дәстүр бар. біз барлық мерекелерді бірге өткізуге тырысамыз. әр жаз сайын 5 жыл бойы біз алакөл көліне демаламыз.

4,6(72 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ