М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
qwertyqwerty1233
qwertyqwerty1233
16.01.2020 08:06 •  Қазақ тiлi

Составить с этими словами предложения ақкөңіл, ақын ел, батыр ел, достық мекені, жері бай

👇
Ответ:
alona7773
alona7773
16.01.2020
Менин мугалимим оте акконил. казакстан жери бай . биздин ел достык мекени . биздин ел батыр ел 
4,6(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
DAYN777DEBIL
DAYN777DEBIL
16.01.2020
Өңделген ет. Қатерлі ісік ауруларын зерттейтін институты сүрленген, мұздатылған, тұздалған, химиялық консерванттар қосылған ет ас қорыту жолдарының қатерлі ісігіне алып келуі мүмкін деп тұжырымдады. Консервіленген, құрамында өте көп тұз, май, холестерин бар бұл етте пайдалы заттар да қалмайды.Мұздатылған тағамдар. Мұздатылған астар қазірде әлем бойынша танымалдыққа ие бола бастауда. Дайын тамақты жемес бұрын жылытады. Бұндай тамақта калориялар шамадан көп, натрий мөлшері тым көп болады.Бәліш сияқты ұн өнімдері. Ішіне калориялы салындысы бар, қуырылған бәліштерде трансгенді майлар, қант, ақ ұн сияқты пайдасыз заттар бар. 10-20 грамм майға қоса 250-300 "бос калориялар" бар.Картоп қытырлақтары. Мәселе оның ішінде салмақ жинайтын зиян көмірсулардың болуында ғана емес екен. Картоп қытырлақтары мен фри картобында акриламид есімді канцероген бар. Ол тамақты жоғары температурада дайындағанда пайда болады. Бұл жыл сайын бірнеше мың қатерлі ісік ауруының туындауының себебі.Майсыз тамақтар. Қорабында "майсыз", "май үлесі 0" деген жазуларға алданбаңыз. Майдың аздығынан дәмін жоғалтқан тағамның дәмін келтіру мақсатында өндірушілер құрамына тұз, қант, басқа да қоспалар қосады. Диетолог мамандардың айтуынша, ондай тамақтан гөрі, кәдімгі (майлы болса да) тағамдарды таңдаған дұрыс.Маргарин. Маргарин құрамында холестерині жоқ, сары майға жақсы балама деп саналады. Алайда оның құрамында сол холестеринді көбейтіп, қан жолдарын зақымдайтын трансгенді майлар өте көп. Оны мәңгілікке рационыңыздан алып тастап, табиғи майлармен ауыстырыңыз.Газдалған су. Газдалған сусындарға құмар болу - артық салмақ, ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты нәтижеге алып келе алады. Бір бөтелке газдалған суда 10 қасық қант бар. Газдалған сусынды күнделікті емес, анда-санда ішетіндердің өзі ауыр ауруларға шалдығу мүмкіндігін бірнеше есе арттырады. Жүрек-тамыр аурулары, диабет - міне, газдалған сусындарды сүйгіш жандардың болашағы.

Аурулардың бәрі ауыздан кіреді демекші, не жеп-ішкенімізді қадағалап, мән берсек, мүмкін ұзақ, бақытты, сау ғұмыр кешерміз.
4,4(57 оценок)
Ответ:
margosha2810
margosha2810
16.01.2020

Менің Отаным Қазақстан.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен Қазақ Республикасының азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған.  Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Біздің қазақ халқы кең пейіл әрі қонақжай екені баршаға мәлім.

Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, Ата заңымызда жазылғандай демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата заңымызды құрметтеу - әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін.

Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болу - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отан қорғау саласына бар күш - жігерімді арнағым келеді.

Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміздің аспаны ашық болсын!

4,7(67 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ