М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aleshibin
aleshibin
30.11.2022 16:11 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазыңыз.
Ерлер мен әйел адамдар арасындағы гендерлік айырмашылықтың алғашқы белгілері бала жастан байқала бастайды.Психолог-ғалымдардың пікіріне сүйенсек,балалар өздерінің ұл не қыз, әйел немесе ер адам деп айырып қарауға бейімделеді.
3-4 жаста балалар «әке» мен «шеше» , «әйелі» мен «күйеуі» ұғымдарынан гөрі «апа», «аға» ұғымдарын тез меңгереді. Ойын кезінде қыз әйел адамның, ұл ер адамның рөлін таңдайды. Ата-ана мен ересек отбасы мүшелерінің балаларға түсінікті бола бермейтін «құпия» тілі болады, ұл мен қыздың сөйлер сөзі де ерекше болып қалыптасады.
Қазақ дәстүрінде ұл әкенің, қыз шешенің тәрбиесінде болып, біртіндеп гендерлік дағдыларға бейімделе бастайды.Қазақ халқының салт-дәстүрімен бірге келе жатқан гендерлік ерекшеліктер халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, мақал-мәтелде, тұрақты сөз тіркестерінде кең қамтылған.
Мақал-мәтелде көбінесе ұл мен қыз қатар қойылып, салыстырылып беріледі:Үй иесі-ұл, төр иесі-қыз; Қыздың ұяты-шешеге;Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан үйренбей сапар шекпес; Қызы мінезді келсін, ұлы өнерлі келсін және т.б.
Қыздың әлеуметтік жасын көбірек ескерген. Есейген қызын ұзатылғанға дейін бойжеткен, ұзатылатын қыз,атастырылған қыз,қалыңдық деп әлеуметтік рөліне қарай атаған.Он бесте отау иесі саналған бозбаланы да жас жігіт, зіңгіттей жігіт,қылшылдаған жігіт,жігіт-желең, күйеу-жігіт,сақа жігіт деп атауы жігіттің физиологиялық толысуы ғана емес, гендерлік әлеуметтеуін де білдіреді.
«Гендерлік лингвистика негіздері» кітабынан
1. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Гендерлік айырмашылық қай кезден байқалады?

Кішкентай балалар қандай ұғымдарды тез меңгереді?

Есейген қыз баланы қалай атаған?

Отау иесін қалай атаған?

👇
Ответ:
polina4281
polina4281
30.11.2022

1.Гендерлік айырмашылық қай кезден басталады?

Гендерлік айырмашылықтың алашқы белгілері бала жастан басталады.

2. Кішкентай балалар  қандай ұғымдарды тез меңгереді?

Психолог-ғалымдардың пікіріне сүйенсек,балалар өздерінің ұл не қыз, әйел немесе ер адам деп айырып қарауға бейімделеді.3-4 жаста балалар «әке» мен «шеше» , «әйелі» мен «күйеуі» ұғымдарынан гөрі «апа», «аға» ұғымдарын тез меңгереді. Ойын кезінде қыз әйел адамның, ұл ер адамның рөлін таңдайды.

3.Есейген қыз баланы қалай атаған?

Есейген қызын ұзатылғанға дейін бойжеткен, ұзатылатын қыз,атастырылған қыз,қалыңдық деп әлеуметтік рөліне қарай атаған

4.Отау иесін қалай атаған?

Он бесте отау иесі саналған бозбаланы да жас жігіт, зіңгіттей жігіт,қылшылдаған жігіт,жігіт-желең, күйеу-жігіт,сақа жігіт деп атауы жігіттің физиологиялық толысуы ғана емес, гендерлік әлеуметтеуін де білдіреді.

4,4(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
JoYCasinI2558
JoYCasinI2558
30.11.2022

ответ:Джек Лондон 1876 – 1916 жылдар аралығында ғұмыр кешкен әйгілі американ жазушысы. Жазушының атағын әлемге танытқан шытырман оқиғалы әңгіме, повестері мен романдары. Қаламгердің балалық шағы қиыншылықпен өтеді. Ерте жастан әр түрлі жұмысқа жалданады. Болмашы қаражат үшін жанталасатын ауыр еңбекті басынан өткереді. Күн көріс қамымен теңізде балық аулау ісіне де араласады. Алтын іздеушілермен Альяска аралдарына да сапар шегеді. Жазушының еңбек жолындағы сан қилы сапары оған мол тәжірибе мен өмірдің көп қырын тануға мүмкіндік жасайды. Талантты жазушы өзінің шытырман оқиғалы шығармаларының көбін бастан кешкен, өмірде көрген, түйгендеріне негіздеп жазады. Шығармаларында қилы сәттер мен қиыншылықтарда ашылатын адам болмысын көрсетуге, адамның ішкі зор куатын танытуға күш салады. Жазушының «Аяздың балалары», «Қар қызы», «Ақ азу», «Солтүстік жорығы», «Өмірге құштарлық», «Мартин Иден», «Қызғылт оба», «Оның әкесінің құдайы», «Жолда жүрген жолаушылар үшін», «Тыртық адам», «Темір өкше» , «Айлы алқап», «Телегей теңіз, аттаныс» т.б. үздік шығармалары қазақ тіліне аударылған. «Мексика ұлы» шығармасы туралы Жазушының қысқа да мазасыз өмірінде басынан өткергендері, маңайынан алған әсері шығармаларының қызықты да мазмұнды сюжетінің алтын арқауына айналған. «Мексика ұлы» әңгімесінің өзегінде де қиын тағдырлы жас жігіт Ривераның ішкі буырқанған ыза-кегі мен жеңіске деген құлшынысы ерекше сипатталады. Өмір соққысын көріп шыңдалған кейіпкердің рингтегі қарсыласымен тайталасы нанымды суреттеледі. Джек Лондон шығармаларына тән оқиғаның бірден-бірге көшіп, динамикалық өрлеуі қарсыластардың раунд сайынғы іс-әрекетінен көрінеді. Оқушыны шығарма соңына қызықтыра жетелейді. Шығарманың негізгі кейіпкері Ривераның іс-әрекеті арқылы әділетсіз қоғамда әділдікке тек қайтпас қайсарлық пен жасымас жігер арқасында ғана қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Боксшылар рингке алғаш көтерілгеннен бастап соңына дейін төреші мен барша көрермендердің бір жақты қолдауына ие болған Дэнни Уордты да, басқа кейіпкерлерді де құлшындырар негізгі күш – ақша. Әділетсіз қоғамдағы қуатты күш ақша екендігін қаламгер әшкерелей отырып, одан мың есе күшті қуат көзі адамның жүрегінде, өзіне деген сінімі мен мұқалмас мақсатында екендігін танытады.

Объяснение:все,

4,4(2 оценок)
Ответ:
Brainsetup
Brainsetup
30.11.2022
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
4,7(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ