Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі (1976), КСРО халық артисі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті
Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Трансібір экспресі)”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған
Объяснение:
1-жаттығу
1) Жақсы оқу үшін,кітапты көп оқу керек. 2)Дүкеннен кітап алу үшін,ақша керек.
3) Адам тез жазылу үшін,көп витамин ішу керек.
4)Үйіне тез жету үшін,тез жүру керек (немесе көлікпен жүру керек)
5)Қонақтар риза болуы үшін,оларды жақсы қарсы алып,көңілдерінен шығу керек.
6)Тоңбау үшін, жылы киініп жүру керек.
7) Ауырмау үшін,зиян тағамдарды көп жемеу керек
8)Анашым,мен сабағымды орындап қойдым
9)Әкем,жұмысын бітірді.
10) Мен,қазақ тілін үйреніп жүрмін.
11)Мен сабаққа көп дайындалдым.
12)Әсем,маған телефон соқты.
13) Біз,үйді жинадық.
14)Анам екеуіміз,тамақ пісірдік.
15)Асылай маған, қатты сөйледі.
16) Біз тәтем екеуіміз ерте тұрамыз.
17) Мен,сені жібердім.