М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
гоша210
гоша210
08.10.2022 08:45 •  Қазақ тiлi

Составить 5 вопросов по этому тексту. Аспаз - ас әзірлеумен айналысатын мамандық иесі. Сорпа, екінші тағам, өзге де тағамдарды пісіреді. Азық-түліктерді қалай сақтау керек екенін біледі, әртүрлі тамақ түрлерін рецепт бойынша дайы дайды, сондай-ақ дайын тағамды көркемдей алады. Азық- түлік өнімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес сақтауды басқарады. Ғимарат ішінде, жоғары температура жағдайында жұмыс жасайды.

Аспаз мамандығы адам өмірінде ең маңыздысы болып саналады. Аспаз өнері адамға өзінің денсаулығын нығайтуға, кейбір өнімдердің дәмдік сапасымен рақаттануға көмектеседі. Дұрыс әзірленген тамақ - адамның жақсы көңіл-күйінің кепілдігі, өйткені тамақ адамның дене құрылымына барады, оны қуатпен және қажетті нәрлі заттармен жабдықтайды. Аспаз мамандығы қандайда болмасын салада жұмыс істейді. Тамақты жақсы дайындайтын маман барлық жерде қажет: перзентханада, балалар үйінде, зауытта, қазіргі заманғы офис пен сәулетті мейманханада.

Адамдар асханаға, дәмханаға, мейрамханаға түскі асқа, демалуға, уақытын қызық өткізуге, отбасы мерекелері мен мерейтойларын өткізуге келеді. Дәмді тағам дайындау, оған көзге тартымды сипат, дәм түйсігі үйлесімін, хош иіс композициясын беру бұл өнер, рақаттану мүмкіншілігін беру. Мұндай тағамды дайындау үшін тек белгілі бір тамақ өнімдері ғана емес, дарынды аспаз қажет.

Аспаз мамандығы артықшылығының бірі өте сұранысты және тұрақты табысы табу мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар мансапқа жету мүмкіндігі бар, аспаздың көмекшісінен беделді орында жұмыс істейтін бас аспаз болып өсуі мүмкін.

Кондитер кондитерлік өнімдер, десерттерді және басқа да пісірілген тағамдарды дайындайтын кәсіби аспаз. Бұл кәсіптің өкілдерін үлкен қонақ үйлерде, мейманханаларда және наубайханаларда көруге болады. Кондитерлік өнімдерді сатумен айналысатын адамдарды кондитер деп селдір айтады. Кондитер алдын ала тағайындалған рецептура бойынша әр түрлі қамырлар, салындылар, кремдер дайындаумен, өнімдерді пісіру және безендірумен айналысады. Бұл жоғары сапалы, дәмі және иісі әр түрлі тамақ өнімдері. Жұмыстың көп бөлігі арнайы құралдардың көмегімен қолмен орындалады, кондитердің кәсібін өнерге айналдырады. Жұмыс орны: мейманхана, дәмхана, асхана, комбинаттар және кондитер фабрикалары. Кондитерге қойылатын талаптар: дәмін ұмытпау, шығармашылық қиялы, дәм және иіс сезу қабілеті күшті болуы керек. Тамақ өнімдерін және оның құрамын жақсы білуге.

Официант - мейманхана және дәмхананың қызметкері, оның міндетіне келушілерге қызмет көрсету жатады. Официант қонақтарды қарсы алады, тапсырымдар қабылдайды, тағамдар мен оның құрамдары туралы айтады, соусы, тандауға көмектеседі, келушілердің алдында дастархан жаяды және олардан соң үстел жинайды, шот әкеледі және төлем ақысын алады. Бүгінгі күні ас және мерекелік дастархан мәдениеті қайта өркендеуі байқалады, заман талабына сай келетін асхана ыдыс-аяқтары жетілдірілуде және жасалуда. Дастархан басында өзін-өзі ұстаудың классикалық ережесі қайрадан модаға енуде, тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсету сапасынақойылатын талаптар артты. Қызмет көрсету саласының қызметкері ретінде официантқа талаптар қойылады. Арнайы дайындықтан басқа официанттың денсаулығы мықты болуы керек, көру және есту қабілеті зор, төзімді, келбетті және өте жақсы реакциясы болуы қажет. Официант еңбегінің ерекшелігі - күнделікті әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста болуы оның келушілермен тіл таба білу, яғни дипломат, актер және психолог болуын талап етеді. Тапқырлық, ерекше жағдайларда лезде жөн табу осы мамандықтың адамдарына тән болуы керек.

👇
Ответ:
kill2021
kill2021
08.10.2022

1. Ас әзірлеу ісімен айналысатын мамандық иесі?

2. Азық -түлікті  қандай талаптарға сәйке сақтайды?

3.Адамның көңіл-күйінің кепілдігі деп нені атауға болады?

4.Дарынды аспаз болу үшін қандай болу керек?

5. Кондитерге қойылатын талаптарды ата?

Объяснение:

4,6(53 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
тигр186
тигр186
08.10.2022

Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан - Тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1-желтоқсанда өзіміздің президентімізді сайладық. Ол - Нұрсұлтан Назарбаев. Отанымыздың өз рәміздері қалыптасты.Тәуелсіздік алу - еліміздің барлық халықтары үшін аса маңызды тарихи оқиға. Қазақ елін әлемнің басқа да елдері тани бастады.

Туған жерімізде әр түрлі маңызды өзгерістер,жақсы жаңалықтар болып жатыр. Біздің ең үлкен жетістігіміз - бейбітшілік. Қазақстан БҰҰ-на, халықаралық валюта қорына мүше болды. Еліміздің өз армиясы бар. Қазақстанның жер қойнауында барлық кеннің түрлері бар. «Жері байдың, елі бай» дегендей ұлан-байтақ даламызда жануарлар мен өсімдіктерде сан алуан. Біздің Республика ғарышқа бірінші рет жол ашты. Қазақ азаматтары Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты. Ақырын қадам басып біздің Отанымыз дамыған елдердің қатарына ене бастады.

4,6(42 оценок)
Ответ:
Valera7451
Valera7451
08.10.2022

Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер

Бойымдай бой табылса да,

Ойымдай ой табылмас.

***

Сыйға сый, сыраға бал.

***

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.

***

Тіріде сыйласпаған,

Өліде жылыспайды.

***

Танымас, танымасын сыйламас.

***

Көңілдегі сырды көз білдіреді.

***

Өз үйім өлең төсегім.

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

Үй ішінен жау шықса,

Тұра қашып құтылмассың.

***

Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

***

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

***

Қарындасың – қарлығашың.

***

Ине өткен жерден жіп өтер.

***

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

***

Төркін десе қыз төзбейді,

Көкпек десе түйе төзбейді.

***

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

***

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

***

Ата – баланың қорғаны.

***

Атаға баланың алалығы жоқ.

***

Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

***

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

***

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

***

Бала, баланың ісі шала.

***

Балам – балым,

Баланың баласы – жаным.

***

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

***

Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

***

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

***

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,

Бұршақ жауса, басын қорғар.

***

Жалғыз түйе бақырауық,

Жалғыз бала жылауық.

***

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

***

Бала – ананың бауыр еті.

***

Бала қадірін балалы болғанда білерсің.

***

Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

***

Бала – бауыр етің.

***

Балаға пышақ бермесең бір жылар,

Берсең екі жылар.

***

Ат болатын тай саяққа үйір,

А қонаққа үйір.

***

Ат болатын құлынның,

Бауыры жазық келер.

А ң,

Маңдайы жазық келер.

***

Отыз ұлым болса да орны басқа.

***

Немере етін жеп, сүйегін берер.

***

Бас екеу болмай,

Мал екеу болмас.

***

Сүйгенін шұнағым дейді.

***

Сұлу, сұлу емес,

Сүйген сұлу.

***

Көш жүре түзеледі.

***

Жылы – жылы сөйлесең,

Жылан інінен шығады.

***

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,

Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.

***

Жақсы таз басын жасырмайды,

Жақсы әйел асын жасырмайды.

***

Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.

***

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

***

Қайғысыз қара суға семіреді.

***

Аталастың аты озғанша,

Ауылдастың тайы озсын.

Қарға тамырды қазақпыз.

Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

Өз жұрттың - күншіл,

Нағашы жұрттың – сыншыл,

Қайың жұрттың міншіл келеді.

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Өз балаңды өскенше бағасың,

Немереңді өлгенше бағасың.

Объяснение:

4,4(46 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ