Мемлекеттердің саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымы. Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей қалыптасқан бұрынғы әлеуметтік құрылымды сақтап қалды. Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жер өңдеуші көршілерімен әскери қактығыстар кезінде жекелеген тайпалар тайпалар одағына біріккен. Осылайша тайпа ішіндегі байланыстар нығайтылды. Сондай-ақ сыртқы кауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі мемлекеттің кұрылуына объективті себеп болды. Дегенмен таза отырықшы елдердегі мемлекеттермен салыстырғанда, орталық билік шектеулі еді. Онда әскери демократияның белгілері: әскери ақсүйектер кеңесі елеулі орынға ие болды.
2-екінші, екі-екіден, екеудей.
3-үшінші, үш-үштен, үшеудей.
4-төртінші, төрт-төрттен, төртеудей.
7-жетінші, жеті-жетіден, жетеудей.
10-оныншы, он-оннан, ондай.
15-он бесінші, он бес-он бестен, он бестей.
19-он тоғызыншы, он тоғыз-он тоғыздан, он тоғыздай.
20-жиырмасыншы, жиырма-жиырмадан, жиырмадай.
25-жиырма бесінші, жиырма бес-жиырма бестен, жиырма бестей.
37-отыз жетінші, отыз жеті-отыз жетіден, отыз жетідей.
96-тоқсан алтыншы, тоқсан алты-тоқсан алтыдан, тоқсан алтыдай.
44-қырық төртінші, қырық төрт-қырық төрттен, қырық төрттей.
27-жиырма жетінші, жиырма жеті-жиырма жетіден, жиырма жетідей.
38-отыз сегізінші, отыз сегіз-отыз сегізден, отыз сегіздей.
66-алпыс алтыншы, алпыс алты-алпыс алтыдан, алпыс алтыдай.
100-жүзінші, жүз-жүзден, жүздей.
50-елуінші, елу-елуден, елудей.
49-қырық тоғызыншы, қырық тоғыз-қырық тоғыздан, қырық тоғыздай.
52-елу екінші, елу екі-елу екіден, елу екідей.
97-тоқсан жетінші, тоқсан жеті-тоқсан жетіден, тоқсан жетідей.
Сөйлемдер:
1) Анам маған үш-үштен көйлек әперді.
2) Әкем бәрімізге жүз-жүзден тиын берді
3) Мен кезекте оныншы болып тұрмын.
"Қарт адам – қазына" (атам мен әжем туралы)
Халқымызда «Кәрінің бәрі игі» деген ежелден келе жатқан нақыл сөздер бар. Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата – бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетіп, өмірден білген – түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ак сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да– осы кісілер.
Менің де ата – әжем бар, олардың мен үшін алатын орындары да бөлек, оларды ерекше жақсы көремін. Ешбір мейрамды әжемнің пісірген тәтті, ыстық бауырсақтарынсыз елестете алмаймын. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Біз атамыз бен әжемізбен тұратындықтан біздің үй «қара шаңырақ» аталып кеткен, міне, сондықтан алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе,міндетті түрд біздің үйге келіп, ат басын тірейді.
Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!