М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Білімді болу үшін не істеу керек? напишите что

👇
Ответ:
амон2288
амон2288
23.05.2021

Білімді болу үшін не істеу керек?

Білім - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.

«Білген адам білімді өмір бойы іздейді», - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу - қоғамда өз орнын табудың кепілі.

Соңғы жылдары өмір бойы білім алу концепциясы аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр, себебі оқу үшін ешқашан кеш емес, тек талпыныс болса болғаны. Қазір адамды киген киімі бойынша емес, басындағы білімі арқылы бағалайды. Білімді адам ешқашан жұмыссыз қалмайтыны анық.

Елімізде де білімді жастарды қолдау мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған. Бүгінде білімді жастардың алдынан барлық есіктер ашылып, біршама мүмкіндіктер бар. Болашақ жастардың қолында болғандықтан еліміздің ертеңі - біз, жастар білімге құштар болып өсуіміз керек.

Абай, Ыбырай аталарымыз да жас ұрпақты білім алуға шықырып, білімді болуды насихаттаған болатын. Міне, осы аталарымыздың жолын жалғап, білім алудан жалықпайық, достарым!

4,4(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
missstelmah2002
missstelmah2002
23.05.2021
Бұл бір ұзақ ертегі. Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Қысқаша айтатын болсақ, ертеде жылан патша болады, ол біраз жылдардан соң өз тамағының ерекше болғанын қалап, маса мен шіркейді өзіне шақырады. Оларға дүниеге ең тәтті қан кімдікі екенін біліп келуді тапсырады. Ең тәтті қанды анықтаған маса жылан хабарлауға асығып ұшып келе жатқанда қарлығаш жолығады. Масаны мақтап кімнің қаны тәтті екен, бізбен де бөліссеңші,- дейді, мақтағанға масаттанған маса, ең тәтті қан адам қаны екенің айтады. Қарлығаш оған сондай қанның дәмін татқан, тіліңді көрсетші,- дейді. Сол кезде масаның тілін жұлып алады. Маса жыланның алдын келіп ештеңе айта алмай, ызыңдайды, сонда қарлығаш, ең тәтті топырақ,- деп тұр дейді жыланға. Бірақ, маса еңіреп жылап, қарлығаштан болғанын көрсетеді. Жылан бар бәле сенен болған екен ,- деп тұр ұмтылғанда қарлығаш ұшып кетеді, ал құйрығы жыланда қалады. Содан бері қарлығаштың құйрығы айыр екен.
4,8(31 оценок)
Ответ:
Зейна12
Зейна12
23.05.2021
Қазақ халқы салт-дәстүрге қатты қарайды. Оны барынша сақтауға тырысады. Атадан балаға сан ғасырлары бойы беріліп, жалғасын тауып келеді. Салт-дәстүрлердің түрі көп. Мүмкін оның дұрысы да бұрысы да бар шығар. Сондай дәстүрлердің бірі бала туылысымен, оны өзге сондай нәресте қызбен атастырған. Бұны, әрине қолдай қою қиын. Өсе келе жастар үшін бұл дұрыс шешім болмауы да мүмкін. Ал, шілдехана, бесік той, сүндетке отырғызу, оған сүндет той жасау, бұлар менімше дұрыс салт. Жаңадан көшіп келген көршіге үй көрсетіп, дәм таттыру бұл да біздің жақсы дәстүрлеріміздің бірі.
4,4(53 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ