Қолөнер бұл қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды
Баяғы заманда қасқыр, түлкі, жолбарыс және түйе дос болып, бір өрісте жайылыпты. Басшылары ретінде жолбарысты сайлапты.
Бір күні қасқыр мен түлкі қалай жесек деп сылтау іздей бастады. Түлкі көп ойланбастан жолбарысқа келіп былай депті:
- О, патшам! Біздің азығымыз бітті. Жаңа азық қорын жинауға мүмкіндік болмады. Сондықтан біздің біреуімізді жеуіңізді өтінеміз!
Жомарт түйе шыдамай, өзін жеуді ұсынды. Қасқыр мен түлкі бірінші болып бас салды. Сосын оларға жолбарыс та қосылды.Сөйтіп, түлкінің арамдығы арқасында түйе үшеуіне жем болды.