Мәтінді Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек,
корей, украин және т.б. тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ
жая қарсы алды. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай
жасады.
Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы
тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен ба-
уырына басты. Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін
қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде
барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір
сүріп келеді.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен
туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы
Н. Ә. Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені
болуы керектігін міндет етіп қойды. словосочетание
Киіз үйдің сыртқы бейнесі.
Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. сол сияқты шағырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:
Шаңырақ
1 – тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 – күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 – беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 – шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Киіз үй керегесі
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.
Кереге.
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, қтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.
Уық
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Иілген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады. Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақ пен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен есіледі. Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер бедерлеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады.
Киіз үй есігі
Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.