Мінез – а ң ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады. Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға беріп жатамыз.
Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайрымды, мейрімді және сабырлы келеді. Мәселен, мінезі жақсы ұстаз оқушыға мүлдем дауыс көтеріп ұрыспайды. Ондай адамдардың ашуға беріліп айқайлағанын немесе қатты сөздер айтқанын естімейміз.
Егер де адамдарға жақсы көрінгіміз келсе , онда мінезімізді жақсы жаққа ауыстыру керек
Батыр адамның бейнесі көне дәуірлерден бүгінге дейін әділеттілікті орнату, ар-намысты қорғау, халықтың бірлігі мен бостандығына қол жеткізу үшін күрескен ерліктерімен қалыптасқан. Ержүрек батырлар халық рухани қажығанда күш беретін жарқын бейне болған, бола береді. Себебі олардың жасаған ерліктері а ң күш-қуатына, асқақтығы мен адамгершілігіне деген сенімді ұялатып, ұлт санасында өшпес із қалдырады. Ал батырлардың ерлігін қастерлеп, оларды жас буынға насихаттау – қазіргі қоғамның рухани қайта жандануына серпіліс беруде аса маңызды.
Қазіргі таңда шынайы батырдың бейнесін тек әдеби-тарихи кітаптар мен шығармалардағы қаһарман тұлғалардан ғана емес, өзіміздің арамызда адал қызмет етіп жүрген жандардың бойынан да көруге болады. Олар – бізбен қатар жүріп, бүкіл саналы ғұмырын қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауға арнаған азаматтар. Бұл батырлар елін, жерін, халқын қорғау жолында өзін құрбан етіп, замандастары мен келешек ұрпақтың алдында асқан қайрат пен жанқиярлықтың үлгісіне айналды. Олар бейкүнә тұрғындардың өміріне қастандық жасауды көздеген, рақымшылық пен аяушылықты білмейтін жауларымен бетпе-бет жолыққанда өжеттік танытты. Осындай ерліктер отанды қорғауға ант қабылдаған қаруластарын рухтандырып, күш-қайрат қосып, оларды ұлы мақсаттарға жігерлендіруде.
Мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, елдің шырқын бұзатын халықаралық терроризм – ХХІ ғасыр індеті. Жаһандану кезеңіндегі заманауи қарулар мен технологияларды пайдаланған террористік ұйымдар әлемнің әр түрлі аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның да тыныштығын бұзып, тұрақтылығына қауіп төндіруде. Оған кешегі Алматы, Ақтөбе, Атырау және Тараз аймақтарында орын алған лаңкестік әрекеттер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының алдын алу шараларымен жолы кесілген көптеген қылмыстық оқиғалар айғақ. Терроризм жеке тұлғаның өміріне ғана емес, қоғам мен мемлекетке де қауіп төндіретін кең көлемді құбылыс екенін террористік топтардың тарапынан жасалған әрекеттер көрсетуде.
Объяснение: