Бізде қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді . Апай бізге сабақты жақсы түсіндіріп береді . Біз апай айтқан сабақты жақсы ұғып аламыз . Кейбір сабақтарда сергіту сабағы және топтық жұмыстар болады . Топтық жұмыстар кезінде біз түрлі- түрлі әдістер қолданамыз . Ол әдістер арқылы біз тобымыздың ұйымшылдылығы мен ынтымақтылығын көрсете білеміз . Қазақ тілі сабағында апай бізге қазақ тілі пәнінде сол тіл туралы кейде қызықты әңгімелер айтып береді. Біз қызыға соларды тыңдаймыз . Біз, әсіресе, қазақ тілі сабағында талдау жасау мен ережелер айтуды жақсы көреміз . Өйткені оқығанда сабақ өте қызық болып көрінеді . Біз ерінген кезімізде апай сабақта бізді қайта жұмысқа кірісерлік мақал айтады :Оқу -білім бұлағы , Білім -өмір шырағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында
Білім -өмір шырағы.