Тілім менің Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
Дара сан есім: алты; он; екі; бес; жеті; сегіз; тоқыз; үш; бір; төрт.
Күрделі сан есім: он екі; төрт жүз; қырық жеті; сексен үш; алпыс алты; тоғыз жүз елу төрт; он бес; жиырма төрт; тоқсан сегіз; алты жүз мың.
1.Менде екі досым бар.
2.Апам маған алты жүз мың тенге берді.
3.Айша дүкенде үш балмұздақ сатып алды.
4. Қыста мен он беске толамын.
5. Сағат бес болды.
6. Бұл есепте менде алпыс алты шықты.
7. Менің досымның анасында төрт жылқы бар.
8. Осы ауданда жиырма төрт үй салынған.
9.Айдана кеше маған өзінің бір суретін көрсетті.
10. Шымкент қаласында тоғыз жүз елу төрт адам өмір сүреді.
Объяснение:
зачем врать ? всего лишь
надеюсь правильно