Қолөнер бұл қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды
-Сәлем,Айша!
-Сәлем,Айдос!
-Қарашы,біздің жеріміз қандай керемет,иә?
-Айтпа,не деген таза ауа,самал жел.Білесің бе?Біздің Қазақстанымыз ең керемет,кең байтақ ел екенін?
-Әрине,осындай ұлы даланы ата-бабаларымыз соғысып сақтап қалған.Болашақта да осылай да кең байтақ даласымен,табиғатымен бізді таңғалдыратыны сөзсіз емес пе?
-Иә,мен болашақта ел қорғайтын азаматша болып,батыр қыз атанып,ел қорғаушысы болғым келеді.Ал, сенше Айдос?
-Мен Қазақстанның барлық қалаларына,тіпті барлық аудандары мен ауылдарына үлкен,үлкен ғимараттар,үйлер салып,біздің елді одан әрі дамытқым-ақ келеді.Осыдан өсіп алайыншы,бәрінін жағдайын істеп,өз еліміздің болашағы үшін тыңбай еңбек ететін боламын.
-Е,сенің арманың өте керемет екен.Өз арманыңа жетуіңе тілектеспін.Саубол!
-Көп рақмет!Сау саламатта болғайсын!!!
Объяснение:
Мен өз анамды өте қатты жақсы көрем. Анам туралы айтатын болсам, айтып тауыса алмайтын шығармын. Әр баланың анасына деген махаббаты шексіз деп ойлаймын. Мені осы жарық дүние есігін ашып, осындай жарқын өмір сыйлаған анашыма мың алғыс білдіргім келеді. Ана деген әрбір адам үшін ең қасиетті сөз деп білем. Барлық баланың анасы болу керек. Бірақ, кейбір балалар анасының қадірін білмей, бағаламай оны көп ренжітеді, айтқан тілін алмайды. Ойланып қарасақ осы өмірде аналары жоқ қаншама бала бар десеңші, олар аналарының аяулы алақанын көрмейді. Ал тәрбиелеп алған анасын қастерлеп аялап өтеді. Анамыздың барына шүкір деп айтып, оны ренжітпеуге тырысайық. Анасыз үйдін берекесі кетіп тұрады. Ал анасы бар үйде әрдайым береке кіріп тұрады. Анамыз біздің тілеушіміз, біздің қорғаушымыз. Олар біздің жетістіктерімізге бірге қуанып, әр кезде қасымыздан табылып бізге демеу болып жүреді. Ананы бағалай білу керек!