Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!
Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!
Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!
•Құнды дегеніміз-өте бағалы, қымбат дүние, зат. Құнды нәрсені а жоғары бағалайды, аманат етіп тапсырады, сақтайды.
•Құндылық-бір құнды нәрсенің қаншалықты бағалы және несімен қымбат екенінің түсініктемесі.
•Жалпыазаматтық-әлемдегі барлық а тиесілілік. Жалпыадамзаттықта негізі а ұлтымын, дінімен, нәсілімен немесе тағы басқа ерекшеліктерімен бөлінбейді, ол жалпы адамзат болып табылады.
•Ұлттық-бұл тек бір ұлтқа немесе белгілі қандай да бір ұлттарға тиесілілік (тиесілі нәрсе). Кез-келген қандай да бір ұлтқа тиесілі нәрсені басқа ұлт өкілдері қолданбайды. Мысалы, Наурыз мейрамы тек түркі халықтарына тиесілі мейрам.