Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Объяснение:
Правильно ???
Абай жолы — М.Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.Ақын, ойшыл, Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеум. мәнін күшейтуге тырысады.Мұхтар Әуезовтің қай шығармасын алсақ та, одан ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқына, Отанына деген ыстық сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке қарсылығы көзге оттай басылып тұрады. Бұған айтпасақ та дәлел болатын мәңгі өшпес, теңдесіз мұрасы - «Абай жолы».Мұхтар Әуезов – ғасырда бір туатын жазушы болса, «Абай жолы» - ғасырлық туынды, ғасырда бір туатын шығарма.
Объяснение:
тут больше 70. можете по своему сократить
ответ:Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.Байқоңыр қаласы қалану барысын Ресейден келген техникалық инженер Г.М. Шубников басқарған болатын. Сондықтан Г.М. Шубников Байкоңыр қаласының "әкесі" атанып кеткен дейді. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласында Г.М. Шубников есімі берілген көше және ескерткіштер бар. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды.