1. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар. Таңертең сағат жетіде тұрамын.
А) Ілік септік. В) Барыс септік. С) Көмектес септік. Д) Жатыс септік. Е) Атау септік.
2. «2» санынан жинақтық сан есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
А) –дан. В) –тен. С) –нші. Д) –еу. Е) –ні.
3. Бөлшектік сан есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Не істеді? В) Кімнің? С) Қай? Д) Кім? Е) Қанша?
4. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Бесінші. В) Екі. С) Алты. Д) Үш жүз жетпіс. Е) Төртеу.
5. Соңғы дыбысы дауысты жіңішке түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
А) –нші. В)-нші, -інші. С) –ншы. Д) –інші. Е) –ншы, -ыншы.
6. Күрделі реттік сан есімді табыңыз.
А) Он-он бес. В) Екі бүтін оннан үш. С) Он бір. Д) Он бірінші. Е) Отыз тоғыздан.
7. Тиісті сан есімді қойыңыз.
Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
А) Екі бүтін үш ондық. В) Екінші. С) Екі-екіден. Д) Екі. Е) Екеу.
8. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.
А) Отыз бесінші. В) Екі кітап. С) Жүз алты. Д) Жиырма. Е) Оннан төрт.
9. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
А) Екіде. В) Екіден. С) Екіні. Д) Екімен. Е) Екінің.
10. Соңғы дыбысы дауыссыз жуан түбірлі сөзге қай жұрнақ жалғанатынын табыңыз.
А) –ншы, -нші. В) –нші, -ыншы. С) –інші, -нші. Д) –ыншы, -ншы. Е) –ыншы.
11. Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.
Атам 70 тен асты.
А) Нүкте. В) Қос нүкте. С) Дефис. Д) Жақша. Е) Үтір.
12. Құрамында үнді дауыссыз дыбысы бар сан есімді табыңыз.
А) Жеті. В) Он. С) Отыз тоғыз. Д) Жүз бес. Е) Сегіз.
13. Қайсысы реттік сан есім екенін белгілеңіз.
А) Екіден. В) Мың. С) Он. Д) Тоғызыншы. Е) Біреу.
14. Реттік сан есім қосымшасын табыңыз.
А) –ау, -еу В) –ау, -тан С) –еу, -інші Д) –ау, -ыншы Е) –інші, -ыншы
15. Сан есімді белгілеңіз.
А) Тиісті. В) Қызыл. С) Елу бір. Д) Ішті. Е) Өрік.
16. Реттік сан есімнің сұрақтарын табыңыз.
А)Қандай? Қай? В)Неше?Қанша? С)Нешінші? Қаншасыншы? Д)Нешеден? Қаншадан? Е)Нешеу?
17. Күрделі сан есімді табыңыз.
А) Үшеу. В) Екінші. С) Сегіз. Д) Он екі. Е) Бес.
18. Дара сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі жүз сегіз. В) Жиырма. С) Он төрт. Д) Жиырма бес. Е) Бестен үш.
19 Білім күні нешінші айда екенін көрсетіңіз.
А) Сегізінші. В) Жетінші. С) Он бірінші. Д) Тоғызыншы. Е) Оныншы.
20. «Он бес» сөзі қандай сан есім екенін белгілеңіз.
А) Дара. В) Толық. С) Күрделі. Д) Жай. Е) Көптік.
21. Бір жылда неше мезгіл бар екенін белгілеңіз.
А) Бір. В) Төрт. С) Он тоғыз. Д) Үш. Е) Алты.
22. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз.
А) Күміс қасық. В) Алтын сағат. С) Ағаш күрек. Д) Екі жолдас. Е) Жібек жолы.
23. Бір айда неше апта барын табыңыз.
А) екі В) алты С) бес Д) үш Е) төрт
24. Жинақтық сан есімді белгілеңіз.
А) Жетеу. В) Белбеу. С) Белгілеу. Д) Істеу. Е) Нешеу.
25. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.
А) Екі. В) Жеті. С) Тоғыз. Д) Жиырма бір. Е) Бес.
Ана-сарқылмайтын күш иесі Әлемдегі ең кешірімді,ең мейірімді жан-ана.Ана баласы қандай қателік жасаса да ол кешіреді.Оның мейірімділігінде шек жоқ.Ана-үнемі баласы қайда жүрсе де уайымдап жүреді.Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ана туралы қаншама өлең жолдары,жырлар жазылған.
Әрбір ақын, әр жазушы ана туралы не жазса да,бәрі шындыққа жанасады. Ешқандай адам анасы туралы жаман сөз,жаман ой айта алмайды.Бұған себеп әрбір адам өз анасын жақсы көреді.Алыста жүрсе сағынады.
Ананың балаға,баланың анаға деген сүйіспеншілігі-адам жүрегін елжіретеді.Әр ана өз баласы үшін не істемейді?!Сондықтан біздің анамызға деген махаббатымыз,сүйіспеншілігіміз бітпеуі,сарқылмауы тиіс.
Ана…Ана-деген жүрегімізге сүйіспеншілік пен жылу сыйлайтын,құдіретті күш иесі. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.