Ақиқатқа көзім жете жете, басында философ болғым келген, одан кейін ішімдегі толқындар тулап, ақындық қасиет дарып, ақын болам ба дегем. Одан политик, одан кейін әзірге белгісіз. Жалпы спортқа жақын баламын, футбол ойнасам бір желіп шығып қалады, әсіресе финт жасап гол салған. Жалпы футболист болғым келген. Бірақ күш білекте емес, білімде. Әсіресе бұл заманда білім деген сауытың болмаса, мен сол дінін уағыздап шала, мақау молданың, теледидардағы ұзынқұлақтардың арбауына түсетін едім. Жалпы ғылым атаулының бәрі де жақсы. Шүкір өмірге көзқарасым, философиям мықты. Саралап келгенде кім болғым келеді? Ұлт жанашыры, қазақтың атын әлемге паш етіп, Отан үшін отқа түсіп, көзісоқырлардың көзін ашатын ағартушы болсам болғаны
Дүниедегі ең асыл адам, ең жақын адам, ең қамқор да жанашыр адам - ана. Ана туралы қай ақын қалам тербемеген?! Ана туралы кім сыр шертпеген?!
Менің де анам бар. Мені жарық дүниеге әкеліп, маған өмір сыйлаған. Өмірімнің әр жауапты сәттерінде бірге болған менің жан анашым. Қолымнан ұстап ең алғаш рет мектеп табалдырығын аттатқан – анам. Мектептегі жетістіктеріме қуанған, сәтсіздіктеріме налыған, менен сенімін үзбеген – анам. Алтын ұя мектепті бітіргенімде кеудесіндегі жүрегі менімен бірге лүпілдеп, менімен бірге қобалжыған – анам.
Каладағы оқу орнына да ертіп барып, демеу болған , қаланы аралатып көрсеткен – анам. Студенттік өмірімде ауылдан сәлемдеме жіберіп, ала дорба сүйреткен- анам. Өзімді ешкімнен кем қылмаған, біреуден қарыз алып, ақша салған- анам.
Кейбір кездері анам мені құрбыларыммен кешкілік жібермейтін. Оған мен өкпелеп, жылаған кездерім де болды. Ана жүрегі қашанда қызын ойлайды екен ғой. Жаман сөзге ермесе екен, бізді ұятқа қалдырмаса екен. Анашым осының бәрін түсіндім. Сізге алғысым шексіз.
Міне, өз қолым өз аузыма жететін күнге де Алла тағала жеткізді. Тұрмысқа шықтым.Өзім де ана болдым. Бірақ анашым үшін әлі де кішкентай баламын. Әлі күнге дейін күніне бір рет даусымды естімесе анашымның көңілі көншімейді. Қиын сәтте анашым қашанда менің қасымнан табылып, ақылын қосады, көмегін аямайды.
Жан анам менің , маған өмір сыйлағаныңызға шексіз ризамын! Бақытты да , қызықты өткен балалық шағымның болғаны әкем екеуіңіздің арқасында. Анашым мен сізді бар жүрегіммен жақсы көремін.Жан әкем сізді де жақсы көрем. Алла тағала дендеріңізге саулық беріп, ұзақ өмірді нәсіп етсін. Қайда жүрсеңіз де аман сау жүріңдерші!
Объяснение:
Объяснение:
Біздің Абай тамыздың „ЗАман ақыр жастары” өлеңінің түсіндірмесі .Біз қазақ деген елміз,жерміз әрбір қазаққа бауырмыз.Б із өз бауырымызға көмектесек енді не болады? Ойлап қараңыздаршы ол әркім бірге ит болып жүреді.Сондықтан да біз әрбіреуі не қолымыздан келгенше көмектесуіміз керек .