Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.
"Ежелгі түркілер өмір сүрген Ұлы дала."
Орта Азия – түркілер үшін қасиетті мекен. Өйткені,бұл жерден барлық түркі халықтары мен тайпалары өз бастауларын алады, олардың мәдениеттері мен тарихтары бірігеді. Түркілер көне заманда Хан Тәңірі мен Алтайды мекен еткен.Еуразияны жалпылама зерттеу барысында түркілер туралы, олардың тұрмыс-тіршілігі,соғыс әрекеті туралы ескерткіштер мен мәліметтер көптеп қалған.Осы бір ұлан-байтақ жерді мекен еткен түркілер ағылшындар,испан және голландықтар секілді өздері бастап халықты қырып,жоймаған.Керісінше,көрші елдермен бейбіт,мәдени және сауда-саттық қарым-қатынаста болған делінген.Қазіргі таңда түркілер туралы жазылған еңбектерден және олардың өмірінен мәлімет беретін картиналардан сауыт-сайман мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола,күміс,алтын сияқты металдарды қолданғандығын көре аламыз.Ұлы дала көшпенділері сонымен қатар,өзіндік айшықты аңдық стильдерін жалпақ жұртқа таратқан,дамытқан.
Объяснение:
P.S: ответ не мой