Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыстағылар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды.
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығыэволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Еуропалық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып есептелінді. “Ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті болды. Қоршаған орта киелі таулардан, өзендер мен көлдерден, аруақтар жатқан молалардан, т.б. тұрды.
"Ұлтаралық қақтығыстар болмас еді.."
Ұлтаралық қақтығыстар-ұлттардың тәуелсіздігінен,саяси билікке ұмтылулардан,жер таласынан немесе діни көзқарас пен кемсітулерден болуы мүмкін.Әлемде Түркиядағы күрд ұлтаралық қақтығыстарды және араб пен еврейлердің ұлтаралық қақтығыстарын айтуға болады.Енді өз еліміз Қазақстанға келсек,еліміз - көп ұлтты мемлекет.Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі өзге ұлттардың тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін жағдай жасалды.Ұлтаралық қақтығыстар болмау үшін барлық ұлт - бір тұтас болып,бір атаның балаларындай тату-тәтті өмір сүруі тиіс.Ұлтаралық қақтығыстар болмас еді,егер Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері тұрып жатқан елінің тілін,мәдениетін сыйласа.Ұлтаралық қақтығыстар болмас еді егер ел ақсақалдары тентектерді жолға салып,тәртіпке шақырса.Әр ұлт өкілдері бір-бірімен тату болып,сыйласса.Елімізде кім тұрсада жер жетеді.Қазақстанның жері ұлан байтақ.Елімізде кен-байлықтарыда жеткілікті.Халқымыздың бейбітшілікте еңбек етулеріне жағдай жасалған.Ұлтаралық қақтығыстар елімізде мүлде болмасын.Бейбітшілік заманда еліміз тыныш,халқымыз аман болсын.