Туған жерге тағзым.
Жоспар.
І Қасиетті мекен.
ІІ Туған жер үшін қызмет ету – әркімнің парызы.
ІІІ Сүйікті Отаным – Қазақстан.
Әр адамның өмірінде туған жердің алар орны зор.Себебі,ол жерде адам шырылдап дүние есігін ашты,алғашқы қадамдарын басты,білім алды,ер жетті,азамат атанды.Халқымыз:"Әркімнің туған жері - Мысыр Шаһары" дегендей,оның әр тау-тасы,өзен-көлі мен ну-тоғайы жаныңа ең жақын,ең ыстық.Расында,сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген.Ал енді біреулері, керісінше,туған жерін тастап шет елге асыға кетеді.Осындай кезде "Өз үйім - өлең төсегім" дегенді ұмытпау керек.Қазыбек би:"Алтын ұяң – Отан қымбат,туып өскен елің қымбат,кіндік кескен жерің қымбат" - деп туған жердің қасиетін текке ерекше бағаламаған.Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып,оның тарихын жете білуіміз керек.Ер жеткен соң,туған жердің гүлденуі үшін кішкентай да болсын үлесімізді қосу - біздің ең алғашқы парызымыз.Туған ауылға, жерге көмек көрсету үрдісі бүгінде қанатын кеңге жайып келеді. Әсіресе, бұрын мектеп бітірген жастардың өздерінің 10, 20 жылдық кездесулері кезінде туған ауылдарына, білім алған мектептеріне материалдық көмек ұсынуы көңілге қуаныш ұялатады.Бүгінмен тоқтап қалмай,ертеңге ұмтылып,Отанымыздың,Қазақстанның дамуына ат салыссақ деймін.
«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.