Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, оның жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырым. Қазақстанның батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтай таулары дейін 2925 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтығыныңоңтүстігі мен Орал тауларының сілемдерінен, оңтүстігінде Тянь-Шань биік таулы жоталары мен Қызылқұм шөлдеріне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның табиғат жағдайдары да әртүрлі. Мұнда жазықтық жерлердің сан алуан түрлері солтүстігінде орманды далалардан басталып, оңтүстіктегі шөл-шөлейттерге, құмды, сазды, тасты, сортаңды шөлдерге жалғасады. Таулы-тасты жерлері аласа таулы жоталардан басталып, Алтайдың тайгалы ормандары мен Тянь-Шанның қарлы шыңдарына ұласады; сулары - Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Марқакөлкөлдерінен және Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Қаратал,Ертіс, Есіл, Тобыл сияқты тасқынды өзендер мен жылғалардан тұрады. Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда бомыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.
Бұлар бір-бірімен сыртқы түрі, пішіні және т.б. ерекшеліктеріне қарай түрге, туысқа топтасып, үлкен бір бірлестікті құрайды. Қазақстанда сұр жыланның - 2, тырнаның - 3, Аққудың - 3, бүркіттің - 5, қаздың - 7, ал үйректің тіпті 26 түрі бар. Омыртқасыз жануарлардың әртүрлері өте көп, оларға - жәндіктер, өрмекшілер, кенелер, балқылдақденелілер, құрттар және басқа қарапайымдылар жатады.
Бұлардың көбі әлі зерттелмеген, сондықтан зоологтар жыл сайын олардың жаңа түрлерін зерттеп, сипаттап жазуда. Қазақстан ғалымдарының зерттеулері бойынша, біздің республикамыздың жерінде омыртқасыз жануарлардың 50 мыңға жуық түрі тіршілік етеді, бұлардың ішінде дене мөлшерінің кішілігіне қарамай, адам өмірі үшін маңызы зор түрлері де бар. Біреулері адамға тамақ ретінде (шаянтәрізділер, былқылдақденелілер); екіншілері - кәсіптік маңызы бар аңдарға жем ретінде (құстар мен балықтар); үшіншілері - адамдар мен жануарлар ауруын тасушылар (қарапайымдылар, биттер, бүргелер, масалар, кенелер, құрттар) болып табылады. Көптеген омыртқасыздар ауылшаруашылығының зиянкестері, кейбіреулері - (қарақұрт, сарышаян, бүйі) улы, тағы басқа түрлері адам үшін өнімдерімен пайдалы: бал аралары - бал, балауыз, прополис; жібек құрты - жібек; кейбір балқылдақденелілер - маржан және т.б. береді.
Қазақстан аумағының көп жерін жазық жерлер алып жатқандықтан, оның жануарлар дүниесінің сипаттамасын далалы аймақтан бастаймыз. Жазық жерлер ел аумағының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазақ мәдениетінің бесігі, дала табиғаты қазақ өмірінің әдет-ғұрпын тудырған, ол халық әндерінде, аңыз, ертегілерінде айтылған.
а это второй
Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ғабді әл-Ғабит. Бұл арабша "Құдайдың құлы" деген мағынаны білдіреді. Қаламгердің әкесі Махмұт діни сауатты, өз ортасында беделді, парасатты адам болған.
1908-19қоқыс, арабша хат таниды. 1916 жылы Ғабитті нағашысы Оңғарбай шаруаға көмектесуге алып кетеді. Артынша Ақпан көтерілісі басталып, әскерде жүрген Оңғарбайдың балалары елге оралады. Осыдан соң, шаруадан қолы босаған Мүсірепов ауылдағы Ыбырай Алтынсарин жүйесімен ашылған орысша-қазақша бастауыш мектебінде оқиды. Онда ол белгілі ұстаз Бекет Өтетілеуовтен дәріс алады. Мұғалім болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізді. Сондай-ақ Ғабит орыс тілін жетік меңгеруге мүмкіндік алды.
1918-1921 жылдары Пресногорьков станциясындағы жоғары жеті жылдық училищеде орысша білімін шыңдайды. Ал 1923 жылы ол жазушы Сәбит Мұқановпен бірге Орынбордағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түседі. Бұл білім ордасында әлем әдебиеті саңлақтары мен XIX ғасырдағы орыс классиктерінің шығармаларымен танысады.
Алғашқы туындысы қабырға газетінде жарияланды
Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш Мүсірепов жұмысшы факультетінде алғашқы шығармасын жазғанын жеткізді.
"Сәбит Мұқановтың айтуынша, ол рабфактің қабырға газетінде өзінің "Тулаған толқынында" деген очеркін жариялаған. Бұл оның алғашқы шығармасы еді. Көптеген әдебиеттанушы Ғабеңнің алғашқы шығармашылығы "Тулаған толқыннан" басталды деген пікірде", - дейді ол "Ұлт мақтанышы". Ғабит Мүсірепов" деректі фильмінде.
Оның айтуынша, әдебиет зерттеушілері "Тулаған толқынды" таза очерк деп қабылдамайды.
"Олар оны көркем шығарма деп те есептейді. Өйткені бұл шығарманың бойында әрі очерктік сипат, әрі деректілік, әрі көркемдік қасиеттер тоғысқан. Бірақ алғашқы туынды болғандықтан кемшіліктер де бар. Себебі, бұл шығарма сол кездегі кеңестік саясатқа үндес жазылған", - дейді ол.
Әдебиетпен айналысуына кім түрткі болды?
Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің жас айырмашылығы бар болғаны екі жас. Жазушы өзінің "Автобиографиялық әңгімесінде" әдебиетпен шұғылдануына кім түрткі болғанын былайша баяндайды:
"Менің кітапқа деген құмарлығымды, азды-көпті сынай алатынымды байқап, Сәбит маған – "жазуға кіріс" деп мазалап жүрді. "Сәкеннің көрдей қараңғы бөлмесінде Сәбитпен бірге тұрдым. Бейімбет пен Сәкеннің өлеңдерін газет-журналдардан оқи бастадым. Бейімбеттің "Шұғаның белгісі" бір түрлі әдемі жазылғанын көрдім. Ішімнен жазуды қаласам да, қолым бармай жүрген".
Мүсірепов 1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетін бітіреді. Ал 1926-1927 жылдары Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. 1927-1928 жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып еңбек етеді. 1927 жылдан коммунистік партияның мүшесі атанады.
1928 жылдан бастап Қазақстанның партия, совет баспа орындарындағы әртүрлі жауапты қызметтерде болды. 1928-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспаның бас редакторы міндетін атқарды.
1933 жылы Қазақ КСР оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934-1935 жылдары алдымен "Қазақ әдебиеті" кейін "Социалистік Қазақстан" газетінің бас редакторы болды.
"Бейімбет жау болса, мен де жаумын"
Жазушы 1936 жылы ВКП (б) қазақ өлкелік комитетінің ба з бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазақстан орталық партия комитетінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Бірақ шындықтың бетіне тіке қарай алатын Ғабиттің іс-әрекеті кеңес иделогиясына кереғар бола бастайды.
Сталиндік репрессияның зияны Ғабит Мүсіреповке де тиді. Профессор Шериаздан Елеукенов бұл жағымсыз оқиға 1937 жылы болғанын айтады.
"Онда Ғабит Мүсірепов орталық партия комитетінде мәдениет бөлімін басқаратын. Ол жазушылар одағында жиналыс болып жатыр дегенді естіп, сонда барады. Онда отырған адамдар оған "Бейімбет деген жаудың досы келді" деп айтқан. Сонда Ғабекең "Бейімбет Майлиннің ұсталғанын білемін. Бірақ ол қате ұсталып жатыр. Бейімбет жау болса, мен де жаумын" деп, жиналыстан кетіп қалыпты", - дейді ғалым.