М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
HowleenWolf2006
HowleenWolf2006
11.11.2020 11:08 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма. Сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңдар.
1. - Қалашылар, қалашылар келеді!
- Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, -
деді бір қартаң әйел.
- Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау... Телғара! Әпкеме
айтайыншы, — деп тағы бір жас әйел, жеңге де үлкен үйге ұмты-
лысқан.
2. — Қалай, құлағың ашылды ма? - деді.
- Е, жақсы боп қалды. Өркенің өссін, балам! – деп әжесі алғыс
айтты.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
03222
03222
11.11.2020

Ұлтты ұлтты ерекшелейтін ол оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани термірқазығы саналатын асыл қазынасы, яғни – САЛТ ДӘСТҮРІ. Уақыт өтіп, заман мен адам өзгерген сәтте, бабалардан қалған осы «Дала заңдарын» біреу білсе, біреу біле бермейді. Сондықтан балаларға қатысты дәстүрлер жайлы кішігірім мәліметтерді бере кетуді жөн көрдік. Жалпы халқымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән береді. «Бала бауыр ет», «балалы үй базар» халқымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұрпағына «бесік жыры» арқылы сіңдіріп отырған. Бұдан көшпенді халықтың тыныс-тіршілігінен туындаған халық педагогикасінің қайнар көзі салт-дәстүрімен астасып жатқанын аңғаруға болады. Осы орайда балаларға байланысты «Шарана шайқау» және «Жарыс қазан» салт-дәстүрлері жайлы айта кеткіміз келеді. Шарана шайқау — Ұлттық салт-дәстүр. Жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбішелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңге, моншақ-маржан, жүзік, сырға сияқты бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынан шайқап жуып тазартады. Шарана суды қазақтар шілде суы деп атайды. Бағанағы берген нәрселерді суға салады, оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Оны қазақ кадесінде «шарана шайқау» деп атайды. Жарыс қазан – екіқабат әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым. Ол үшін әдейі сақтап жүрген сүр етті асады. Осы ет піскенше әйел де жарыса тез босанады деген сенім қалыптасқан. Ай-күні жеткен жүкті әйел қатты толғатып, толғақ жилей бастағанда, сол ауылдағы пысық әйел отқа, ошаққа жарыс қазан асады да, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жилейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны. Егер әйел босана алмай одан ары қиналса, жарыс қазан асып отырған әйел қолына қара пышақты алып «қара қазан бұрын пісе ме, қара қатын бұрын туа ма?» деп, қолындағы пышақты қазанға жанып-жанып зіркілдейді. Қазақ мұны «жарыс қазан» деп атайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ұлы қаламгер М.Әуезов айтқандай, қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті –саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше ұлт үшін салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше.

Дереккөз::

https://qazradio.fm/kz/news/13237/

Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.

4,7(89 оценок)
Ответ:
charlie911
charlie911
11.11.2020

Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына. 

Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.

Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.

Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.

Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі.

Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар.

Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар.

Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. 

Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді. 

Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты.

Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/4033/

Объяснение:

4,8(61 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ