Қазақ арулары сұлулығымен, ибасымен, ісмерлігімен ғана емес, ержүректігімен, батырлығымен де аты шықан. Сақ патшайымы Томирис пен бертіндегі Әлия мен Мәншүк, одан да бері Ләззат пен Сәбираға дейін де талай батыр арулар болған.
Айбике ару
Айбике Бұланбай батырдың жары, ал Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Ол өте алғыр ойлы табанды қыз болған, сонымен қатар қалмақ тілін де жетік білген.
Гаухар батыр
Ол Малайсарының туған қарындасы.
Ақбикеш
Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Алшын руынан шыққан көріпкел, ержүрек, батыр қыз. Есімхан жасақтарының Бұхара, Қашғар уәлаяттарына, Құба қалмақ жорықтарына көп көмектескен.
Қазақтың қыздары тәрбиесімен, әдептілігімен, сонымен бірге батырлығымен де көзге түскен. Өзінің әйел заты екенін ұмытып, қолына қылыш ұстап, жауды шапқан қазақтың батыр қыздары тарих бетінде өшпестей із қалдырды.
Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы,
Адамзатты алға бастар Ар заңы!
Мір оғындай Момышұлы Бауыржан –
Туа біткен туралықтың тарланы.
Әрбір сөзі жас ұрпаққа – тағылым,
Бойға жиған ақылы мен сабырын,
Өмір бойы шындық үшін күресіп,
Жалғандықтың тіліп түскен тамырын!
Жауынгерді айналдырып құрышқа,
Тайсалмастан кірген талай ұрысқа.
Ұрпағына үлгі болған ғұмырын
Ұқсатамын жарқылдаған қылышқа!
Жүру үшін тура жолдан бұрылмай,
Ар мен Намыс бірге туған ұғымдай.
Біздер үшін рухы биік Бауыржан
Батырлық пен Ақиқаттың туындай!
Ұшқыр ойды от-қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!
чтвова оадвьывшвтутшаитл