1)
Денсаулық - зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі - денсаулық. Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз.
"Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор.
Денсаулық - адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. ал жастардың жастықтың отымен жүріп ысты-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек.
Объяснение:
лучший ответ можно?
Тоқтар Әубәкіров – әлемнің 256-ыншы ғарышкері. Талғат Мұсабаев әлемнің 309-ыншы ғарышкері. Айдын Айымбетов әлемнің 545-інші ғарышкері
Бүгін - халықаралық ғарышкерлер күні. Бұл күнді қазақ халқы ерекше естеліктермен қарсы алады. Талай қазақ баласының ғарышкер болу арманға құлшындырып, аспан көгіне деген ынтызарлығын оятқаны анық. Қазақ ел болғалы үш батырын аспан көгіне ұшырды. Олар - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Осы орайда ғарышкерлер күні қарсаңында қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен аспан әлеміндегі таңғажайыптары жайында қызықты деректерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
1. Тоқтар Әубәкіров КСРО-да алғаш болып МиГ-29К истребителін «Тбилиси» крейсерінен истребительге арналған трамплиннің көмегімен алғаш болып ұшырды. «Тбилиси» крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Бұл әдістің ерекшелігі: ұшақ трамплиннен түскендей төмен лықсып келіп, бірден көтеріліп кетуі керек. Ол әрине ұшақтың маторына байланысты еді. Барлық мәселе секундтар еншісінде болатын. Сәл іркіліс болса, бітті: ұшақ судың астына кіріп кетеді. Сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров құлдилап та, көтеріліп те үлгерді. Авиация тарихында бірінші рет мұндай әдіспен ұшуды жүзеге асырған қазақтың осы ерлігі Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.
2. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың құрметіне Талғат есімі берілген қазақтың екінші, әлемнің 309-ғарышкері де рекордшы атанған. Ол бір ай ішінде бес рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта болған сапары үшін Гиннесс рекордтар кітабына енген.
3. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың аспан көгіне саяхаттауына Елбасы да үн қосты. «Тоқтар, халқымыз бұл күнді 30 жыл күтті. Әзір қолымызда тұрған ғарыштық технологияның барлығы біраз уақыттан кейін ешкімге керексіз күйінде қалады. Ғарышқа халқың үшін ұш!»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев. Тоқтар Әубәкіровтың сынақшы-ұшқыш болуына Кеңес Одағының Батыры А.Федотов үлкен әсер еткен