Қазақстан азаматтары сұрапыл соғысқа қатысып қана қойған жоқ, ұрыстардың алғы шебінде ерен ерліктер көрсетті. Аттанғандардың көбісі соғыстан қайтып оралмады. Қанды қырғында елімізден аттанған
жүздеген жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанған болатын. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары
Құдайберген Сұрағанов, Сабыр Рахымов, Бауыржан Момышұлы Батыр атағын алды. Екі мәрте Кеңес
Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов және Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк
Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Қазақстанда сонау
сұрапыл соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангер ардагерлеріміз
бен тылда еңбек еткен ерендерімізді мәңгі жадымызда сақтау үшін зор жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі әрі
келешек ұрпақ ата-бабаларының фашистік Германияның басқыншылық соғысына қарсы Кеңес одағы
құрамында ерлікпен шайқасқанын еш ұмытпауы тиіс. «Біз бейбітшіліктің құнын терең түсінуге тиіспіз. Егер
біздің бабаларымыз сол кезде жеңіске қол жеткізбеген болса, біз бүгінгі тәуелсіздікті көрер ме едік, көрмес пе
едік. Бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді бағалай білуіміз керек, ал жастар ардагерлерге әрқашан қамқор
болуы қажет.
Мәтін тақырыбы
Негізгі ой
Дескриптор
мәтінге тақырып қояды;
-негізгі ойды анықтайды.
Дос-бұл адам өміріндегі ең басты адамдардың бірі,тіпті жақын адамың.Достық-жан достар арасындағы өте үлкен байланыс. Достықты сақтау саған және досыңа байланысты.Жаныңдағы досың сені қолдайтын,қорғайтын мейірімді,бастысы сенімен мәңгі дос болып қалатын адам болса,онда бұндай достық ешқашан үзілмейді.
"Досы көпті жау алмайды" дегендей саған жаны ашитын досың көп болса,сен бұл әлемдегі мықты адамдардың бірісің.Бірақ кейбір адамдар достарын көбейтудің орнына жоғалтады.Оған басты себеп оның қамын ойлап қателігі жайлы айтқан жан досына сенбей,оны мақтап тұзаққа түсіргісі келетін адамға сену.
Дос,достық деген сөз адам үшін ыстық.Менің ойымша,Досым жаман деп емес,жан досым бар деп мақтан