Менің анам - мен үшін ең жақын адам. Мен оны өте жақсы көремін. Ол әрқашанда менің қасымда, мені қиын жағдайда тастамайтын ерекше жан. Мен өз анамды мақтан тұтамын. Анадан қымбат менде ешкім жоқ. Менің анамның аты - Жанна. Маған оның оттай жарқыраған мөлдір көздері, әдемі күлкісі мен нәзік қолдары ұнайды. Менің анам өте мейірімді, ол адамдармен жақсы тіл табысады, оны барлығы да құрметтейді. Қиын кездерде ол жалғыз ғана мені жұбата алады. Туғаннан бері ол мен және менің ағамның қасында. Бізге өз махаббатын сыйлайды, қамқорлық жасайды. Мен өз анама алғыс білдіремін. Және оған көмек көрсетуге әрқашан дайынмын: ауыр сөмкелерді аламын, үйді жинаймын. Менің анам өте дәмді тамақ дайындайды және мен оған тамақ дайындауда өз көмегімді көрсетемін, сол барысында көп нәрсе біліп аламын. Мен ол әрқашан да күн сияқты жайнай берсін, оның күлкісі қасындағы адамдардың көңіл-күйлерін көтерсін, оның армандары орындалсын деп тілектеспін. Өйткені махаббат, қамқорлық тек қана бізге, балаларға ғана, сонымен қатар біздің аяулы аналарымызға керек. Мен оны өз бағаларымен, жақсы тәртібімен қуантамын және әрқашанда оған көмектесемін
Пиязды аршып, турау керек. Табадағы сары майды қыздырып, пиязды қуыр. 8 жұмыртқаны турап, оны пиязға қосып, оған тұз бен бұрышты себу. Картоптың қабығын алып уақтап турау. Осыған дейін дайындалғанға қосамыз. Салма дайын. Қамыр: Үстелдің үстіне ұн сеуіп, оның үстіне қамыр салып, тағы да ұн себу. Оқтаумен қамырды илеп, оны екіге бүгіп, керексіз ұнды алып тастап, қаңылтыр табаға саламыз. Екі жұмыртқаны шайқап, бəлішке жағамыз. Қаңылтыр табадағы бəлішті 25 минутке духовкаға саламыз. Піскен соң бəлішті духовкадан алып үстіне сары майды жағамыз. Бəліш дайын!
Бұрқ- сарқ — қатты дауыл, боран болғандағы аяз.
Соқыр, мылқау — ешкімді танымайды.
Үскірік — бет қаратпайтын суық сары аяз, жел.
Ақ орда — он екі қанатты, сән- салтанаты жарасқан киіз үй түрі.
Алты қанат — алты қанатты, ақ үй деп те аталатын киіз үйдің дәулетті түрі.