Жыл мезгілдері туралы мақал - мәтелдер:
Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.
* * *
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
* * *
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
* * *
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
* * *
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
* * *
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
* * *
Туған ай, тураған етпен тең.
* * *
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
* * *
Су аққан жерінен айнымас.
* * *
Сәуір болмай, тәуір болмас.
* * *
Үркерлі айдың бәрі қыс.
* * *
Қыстың көзі қырау.
* * *
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан келмей, боз болмас.
* * *
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
* * *
Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көп дүркірер.
* * *
Мәуесі бардың әуесі бар.
* * *
Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.
* * *
Әрнәрсе уақытымен қызықты.