АХУАЛ — өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Кәбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді. Оң (жақсы) Ахуалға бір қоғамдағы не ұжымдағы адамдардың ынтымағын, бір-біріне деген шексіз сенімін, шынайылық пен сыйластықты жатқызуға болады. Қоғамның орнықты дамуы немесе белгілі бір ұжымдағы еңбек өнімділігінің нәтижесі ұжымдағылардың кәсіби шеберлігі мен дағдысына, білімі мен икемділіктеріне ғана тәуелді емес, көпшіліктің мұнда қалыптасқан тұрақты көңіл-күйіне де байланысты. Сары-уайым, жабырқау, теңілу, жалғызсырау, ұрыс-керіс қоғамда да, ұжымда да қолайсыз Ахуал туғызып, ортақ мүддеге кесірін тигізеді.[1]
Айлық жер, айшылық жер - атпен жүргенде бір ай (30 күн) шамасында жетуге болатын қашықтықты білдіретін халықтық өлшем. Байырғы кезде ең алыс қашықтық эталоны ретінде айшылық жер, айшылық алыс жол жиі қолданылған. Сондай-ақ, ит өлген жер, ит арқасы қиянда деген тұрақты тіркестер субъективті қабылдаумен байланысты бірде айлық жер, бірде күндік жер деген мағынада да қолданыла береді. Күндік жер атауы, шамамен атпен жүргенде 50-60 шақырым болса, түстік жер 15-20 шақырымдай жер.
Объяснение:
міне жауабы лайк басшы
Сұрағыңды тұсінбедім , переводчик арқылы емес , фотосын жіберші.