жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына, қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады
Бұл өнімдердің пайда болуы, бірінші кезекте ауыл шаруашылығына тиімді әсер етті. Көкөністер мен жемістердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасалды. Оларды өсіру оңай болғандықтан, нарықтағы бағасы да төмендеді. Сонымен бірге, ГМӨ зиянды жәндіктермен, вирустармен және бактериялармен күресе алады. Гендік модификацияланған тағамдар қатерлі ісікке, бедеулікке немесе демікпеге (астмаға) әкелуі мүмкін деген пікірлерді жиі естуге болады. Алайда, бұл тұжырым қате. Трансгендік өнімдер бірде-бір өлімге, тіпті қарапайым ауруға соқтырған жоқ. Ол фармакологияда да қолданылады, оның негізінде әртүрлі ауруларға қарсы вакциналар шығарылады. Мамандардың болжамы бойынша, 20 жылдай кейін жер шарының тұрғындары 2 миллиардқа көбейеді. Дәл қазір, аштықта өмір сүретін адамдарың саны 700 миллионды құрайды. Трансгендік тағамдарды қолдайтын ғалымдардың айтуынша, ГМӨ адамзатты аштықтан құтқара алады. ПАЙДАСЫ
Объяснение:
Экологтардың айтуынша, гендік өзгеріске ұшыраған өсімдіктер қоршаған ортаға залал келтіреді деп санайды. Мәселен, олар зиянды жәндіктерді ғана емес, сонымен қатар, мүлдем зиянсыздарды да жояды. Көптеген табиғи өсімдіктер, бәсекелестікке шыдай алмағандықтан, жойылып кетуі мүмкін. Бұл жағдай – табиғаттың тепе-теңдігін бұзады. Бұл организмдер жақында пайда болғандықтан, қорытынды жасау әлі ерте. Оны қолдануға ресми тыйым салынған жоқ, сондықтан, ГМО-нің болашағы тұтунышылардың қолында.ЗИЯНЫ