«Оливье» салатын дайындау тәсілі.
«Оливье» салаты әдетте Жаңа жыл символы саналып, көп отбасыларында Жаңа жыл қарсаңында көп мөлшерде әзірленеді. Әркімнің бұл салатты жасау тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Төменде біздің үйде жасалынатын рецептпен бөлісемін.
Керекті азық – түлік:
Картоп 3 – 4 дана (орташа);
Сәбіз 2 – 3 дана (орташа);
Жұмыртқа 6 – 8 дана (бірінші категориялы);
Шұжық (колбаса) немесе піскен ет 400 гр.
Тұздалған қияр 300 гр.
Көк бұршақ 1 құты
Майонез 4 – 5 ас қасық.
Тұз қалауыңыз бойынша.
Дайындалу барысы:
Алдымен жұмыртқаның сыртын жуып, үлкендеу ыдысқа картоп, сәбізбен бірге салып, су құямыз да, оны пешке қоямыз. Ол қайнағаннан кейін, отты ақырынға қоямыз да, 15 – 20 минут шамасында пісіреміз. Көкөністер піскенше шұжық пен тұздалған қиярды кішкене текше пішіндес етіп турап, үлкен тегешке саламыз. Піскен көкөністер суыған соң, оларды да кішкене текше пішіндес етіп тураймыз. Жұмыртқаның сыртын тазалап, оны да турап, тегешке саламыз. Бір құты көк бұршақ пен майонезді қосып араластырамыз. Дәмін көріп, тұзы аздау болса, сәл тұз қосамыз. Дайын салаттың бетін жауып, бір – екі сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Салқын күйінде дәмдірек. Астарыңыз дәмді болсын!
құпия таңба деген болады.
Руналық жазу (көне сканд.run - көне, құпия) орыс. руническое письмо — 2—3 ғғ. бастап кейінгі орта ғасырларға шейін германдықтар қолданған әліпби. Латын жазуының таралуына байланысты қолданыстан шыққан. Руналық жазудың таңбалары сына тәрізді сүйірленіп, негізінен, металл, тас, ағашқа жазылған. Бұл әліпбидің құрамы, таңбалануы уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Ғылымда 150-дей жалпы германдық бұрынғы (үлкен) Руналық жазу (негізінен Ютландия, Скандинавия аралдарымен Еуропаның басқа аудандарында) және 3500-ден аса кейінгі (кіші) Руналық жазу белгілі. Руналық жазудың ерекше түрі 7—10 ғғ. Англияда болған. Бұрынғы Руналық жазу мен кейінгі Руналық жазу қызметі жағынан да, тілі жағынан да бір-бірінен ерекше. Бұрынғы Руналық жазу қару-жараққа, тасқа жазылған. Олардың тілі негізінен біркелкі және өте ескі, көне герман тілдерінің ешбіріне сәйкес келмейді. Сонымен бірге ол сиқырлау мақсатында да қолданылған сияқты. Ал кейінгі Руналық жазуда көне Скандинавия тілдерінің ескерткіштері (тастағы мемориалдық жазулар) жазылған. "Руналық жазу" термині басқа көне жазуларға қатысты да айтылады, мысалы, дат ғалымы В. Томсен оны көне түркі жазулары үшін қолданған.[1]
Мәтіннің тақырыбы:"Болашақ"бағдарламасы.
1-үлгі.Мәтін бойынша.
1.1993жылы 5 қарашада еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев "Болашақ"халықаралық степендиясын тағайындады.
2.1994жылы алғаш рет бір топ қазақ жастары шетелге оқуға жіберілді.
3.1994-2004 жылдары 785 студент 13елде "Болашақ"бағдарламасы арқылы білім алды.
4.Еліміздің президенті 2005жылы "Болашақ"степендия иегерлерін көбейту туралы бастама көтерді.
5.Қәзірде еліміздің үміткерлері 32елде 630оқу орнында білім алуда.
2-үлгі.
1.1993жылы Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды.
2.Ер жігіттің 5 қаруы: Садақ,мылтық,найза,қылыш,айбалта.
3.1994 жылы Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы "Парламент сайлауы" өтті.
4.1994-2004 жылдары Р.Рәзиева Қарағандыда дәрігерлік қызмет атқарған.
5.Қазақстанда өткен тәулікте 785 адам короновирус індетінен емделіп шықты.
6.Күнтізбедегі 13 саны өзге ұлттарда белгілі бір мәнге ие.
7.2005 жыл-тауық жылы болып есептеледі.
8.А.Құнанбаевтың 32-ші қара сөзінде:Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек,-делінген.
9.Өткен тәулікте қалада вирусты жұқтырғандар саны- 630-дан асқан.
Объяснение: