М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Wow01
Wow01
13.10.2020 08:03 •  Қазақ тiлi

7. -тапсырма. Мәтіндегі 5 сөйлемге түрлі нұсқада сұрақ қой. Үлгі: Кәрі кудан қыс келin, алек салды.
• Кім келді?
Қандай қыс келin, алек салды?
Қыс келіп, не істеді?​

👇
Ответ:
roma1xayatov
roma1xayatov
13.10.2020

1-Қыс келді

2-Кәрі

3-алек салды

4,6(39 оценок)
Ответ:
dimasik337
dimasik337
13.10.2020

қалған 4 сойлемі кайда?

4,4(37 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.

Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.

Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.

Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.

Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады.

Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.

1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.

Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды.1993 жылдың сәуірінде “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы” заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.

Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.

Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр.

4,6(62 оценок)
Ответ:
Mashannjjj
Mashannjjj
13.10.2020
Тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Бұл тіршілік қажеттерін олар табиғаттан алады. Осының өзі де адам, өсімдік пенжануар сияқты тірі табиғаттың перзенті екеніне дәлел бола алады.Табиғатқа тау, тас, ауа, жан-жануар, шатырлаған найзағай, жауын-шашын, ақ ұлпа қар сияқты құбылыстарды жатқызуға болады.Осы құбылыстырды төрт мезгіл арқылы баяндай аламыз.Астанамның көгіндеАлаулаған күн қандай!Бұлбұлдары сайрағанБұйраланған бақ қандай!Теректері жайнағанЖасыл бантик таққандайСамал желмен таранғанҚызғалдақты қыр қандай!Жер бетіне сан алуанЖалау өсіп тұрғандай.Көктем –шуақты мезгіл. Көктем келіп, жер беті жаңарып, әдемі түрге енеді. Құстар сайрап, барлық жан –жануар, тіршілік оянады. Көк шөп шығып, бәйшешек, ағаштар гүлдеп, мал төлдейді. Жылғалардан су ағып, сең жүреді. Күн күркіреп, найзағай ойнап, жауын жауады.Маусым айы- жаздың басы. Сенің туған жерге саяхат-жорығың да осы айда басталады. Кешқұрым дала түрлі қимылдарға толады. Мал қораға келеді.Түні қандай тұнық десеңші! Ай сүттей жарық. Шартабақтай жарқырап, түнімен жер бетіне күміс сәулесін төгеді де тұрады.Арайлы таңды айтсаңшы, шіркін! Сен елең – алаңнан оянып, жаз таңын қарсы алып көрдің бе? Күн шығыс жақ балқыған нұрға бөленеді. Таңмен бірге оянған бұлбұл әні көңілді әлдилейді. Гүлдер де бой түзеп, таңғы ауаны құшырлана сіміреді.Құстардың шырылдаған әсем үндері естіледі.Алқаптарда қалықтаған үйме-үйме шөмелер жапырлайды. Тау-тау маялар бой көтереді.Аспанда қалықтаған бұлт аз. Күнтас төбеге көтеріледі де,жер беті жетіле түссін дегендей, мол нұрын төгеді. Күн айналып жерге түскендей ыстық болады. Жеміс-жидек, алма, өрік сары ,қызыл бояулармен бояна бастайды.Бау-бақшаға кірсең, орман араласаң, самсаған жидекке қарық боласың. Осындай   шілденің дастарханына тамыз өз шашуын дархан дастарханына тамыз өз шашуын шашады.
4,6(56 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ