Қонақ күту.Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі.Әдетте шәйді бойжеткен қызға құйдырады.Оның себебі қыз бала келешек шаңырақ иесі, ас иесі болғандықтан жастайынан қонақ күтуді үйрене берсін деген ниет болған.
Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән күйлерді тыңдай отырып, билерін, ою өрнектерін, зергерлік әшекейлерін көре аламыз. Біздің қазақтың салт-дәстүрі өте көп, олар: беташар, шілдехана, бесік той, наурыз және тағы басқалары жатады. Беташарда жаңа түскен келіннің бетін ашып, көпшілікке таныстырады. Бұл дәстүр ежелден келе жатқан дәстүр. Наурызда халық наурыз көже жасайды, ұлттық ойындар ойнайды және алтыбақан тебеді. Басқа елдерде де, өз ұлттық дәстүрлері бар. Салт дәстүрде әркім өзінің өнерін көрсетіп, әділ қазылар оларға баға қояды. Қазақтар өзінің дәстүрін ұмытпау керек. Бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен тереземіз тең болып отырған шақта біздер, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етеміз деп сөз береміз.
Мағжан Абайдың досы.
Абайдың Мағжанда өші бар.
Абайдың қара сөздері керемет.
Мағжан озат оқушы.
Объяснение:
Ары қарай өзің жаза сал